«Синьхуа» агенттігіне Қазақстан-Қытай зертханасы өкілдерінің сұхбаты — ҚазҰУ

91ý

«Синьхуа» агенттігіне Қазақстан-Қытай зертханасы өкілдерінің сұхбаты

2 сәуір 2026
«Синьхуа» агенттігіне Қазақстан-Қытай зертханасы өкілдерінің сұхбаты

2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң экология және география институтының өкілі, профессор Джилили Абдували және зертхананың ғылыми қызметкері, PhD Саним Бисенбаевамен Қазақстан Республикасындағы «Синьхуа» ақпарат агенттігінің Алматы филиалының журналистері сұхбат өткізді.


Сұхбат барысында экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және құрғақ аймақтардағы ландшафттардың өзгеруі мәселелері талқыланды. Спикерлер қоршаған ортаны мониторингтеуде Жерді қашықтықтан зондтау технологияларының маңыздылығын атап өтіп, оларды Қазақстан жағдайында қолдану перспективаларын айқындады.

Сондай-ақ зертхана аясындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.