Республикалық ғылыми конференцияда студенттің ғылыми зерттеуі таныстырылды — ҚазҰУ

91ý

Республикалық ғылыми конференцияда студенттің ғылыми зерттеуі таныстырылды

6 сәуір 2026
Республикалық ғылыми конференцияда студенттің ғылыми зерттеуі таныстырылды

2026 жылғы 6–7 сәуірде Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында «Студент және ғылым: болашаққа көзқарас» атты XXVI Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтуде.

Аталған ғылыми іс-шараға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Конференцияның пленарлық отырысында «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Жұмахан Балауса Бақытжанқызы баяндама жасап, ғылыми жұмысын таныстырды.

Баяндама тақырыбы – «Түркістан облысындағы сейсмикалық процестер және олардың геоэкологиялық салдары». Зерттеу жұмысы өңірдегі сейсмикалық үдерістердің ерекшеліктерін талдауға және олардың геоэкологиялық салдарын бағалауға бағытталған.

Жұмыстың ғылыми жетекшісі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Бекжанова А.У.

Конференция студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және жас зерттеушілердің ғылыми қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Ұжым атынан Жұмахан Балаусаға алдағы ғылыми жолында табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз. ылыми ізденістеріңіз жемісті болып, болашақта ғылым саласында биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз.