- Басты бет
- Жаңалықтар
- Zhangjiajie College профессорының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қонақ дәрісі өтті
Zhangjiajie College профессорының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қонақ дәрісі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы базасында Қытай Халық Республикасындағы Zhangjiajie College өкілі Ду Диердің (Du Dier) қонақ дәрісі өтті.
Аталған іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ылым апталығы аясында ұйымдастырылып, оның ғылыми және білім беру маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін айқындай түсті.
«Pathways and Boundaries of Deep Integration of Culture and Tourism Empowered by AI» тақырыбындағы дәріс мәдениет пен туризмнің жасанды интеллект технологиялары негізінде ықпалдасуының өзекті мәселелеріне арналды. Дәріс барысында туризм индустриясын цифрландырудың заманауи үрдістері, туристік дестинацияларды дамытуда AI қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ пәнаралық зерттеулердің болашағы қарастырылды.
Іс-шараға «6В11101 – Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысты.
Сапар аясында сондай-ақ жұмыс кездесулері өткізіліп, университеттер арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қарастырылды.
Айта кету керек, Zhangjiajie College делегациясы құрамында 4 өкіл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтіп жатқан «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысу үшін келді. Шетелдік әріптестердің қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтуға және ғылыми диалогты дамытуға ықпал етеді.
Мұндай қонақ дәрістер кафедраның академиялық қызметінің маңызды бөлігі болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туризм саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар