ҚазҰУ-да ылым апталығы және «Сиреневый PRорыв» студенттік фестивалі аясында көшбасшылық дәріс өтті — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да ылым апталығы және «Сиреневый PRорыв» студенттік фестивалі аясында көшбасшылық дәріс өтті

7 сәуір 2026
ҚазҰУ-да ылым апталығы және «Сиреневый PRорыв» студенттік фестивалі аясында көшбасшылық дәріс өтті

2026 жылғы 7 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасында PR және коммуникация саласының танымал маманы Тайкенова Майраш Гомаровна көшбасшылық дәріс өткізді.

Іс-шара «Сиреневый PRорыв» студенттік фестивалі аясында ұйымдастырылып, университетте өтіп жатқан ылым апталығы мен Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Майраш Гомаровна — PR-shy клубының негізін қалаушылардың бірі, ФудМастер компаниясының және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті құрылуының бастауында тұрған тұлға. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы бірқатар танымал брендтердің (Чечил ірімшігі, Piko шырындары, «Кундуз» және т.б.) тең авторы болып табылады. «HackDay Қазақстан», «Robocon Games» жобаларының авторы, «Ақ Мерген» PR саласындағы ұлттық сыйлығының «Жыл шебері – 2015» иегері және PR пәнінің оқытушысы.

Дәріс барысында спикер өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы PR индустриясының дамуы туралы айтып берді. Сонымен қатар, студенттер «Сиреневый PRорыв» фестивалі мен байқау шарттары туралы толық ақпарат алды.

«6В11101 – Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері дәріске белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасуға атсалысты. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, олардың ой-өрісін кеңейтуге және академиялық орта мен индустрия арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Аталған көшбасшылық дәріс ылым апталығы аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып, білім беру арқылы тұрақты даму құндылықтарын ілгерілетуге өз үлесін қосты.