- Басты бет
- Жаңалықтар
- V Фараби Форумы аясында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық конференциясының ресми ашылуы
V Фараби Форумы аясында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық конференциясының ресми ашылуы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық конференциясының салтанатты ашылуы өтті. Конференция студенттерді, магистранттарды және жас зерттеушілерді біріктірді.
Ашылу салтанаты факультет басшылығының, профессор-оқытушылар құрамының және шақырылған қонақтардың қатысуымен академиялық әрі салтанатты жағдайда өтті. Құттықтау сөзбен факультет деканы Мейрбаев Б.Б. сөз сөйлеп, конференцияның жастардың ғылыми әлеуетін дамыту, білім алмасу және жаңа ғылыми бастамаларды қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
«Фараби Әлемі» конференциясы дәстүрлі түрде қазіргі ғылым мен қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болып табылады. Биыл конференция жұмысы гуманитарлық және әлеуметтік зерттеулердің кең ауқымын қамтитын бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды - философия мен саясаттанудан бастап әлеуметтану, дінтану, психология және білім беруді цифрландыру мәселелеріне дейін.
Конференция аясында 8 секцияның жұмысы ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
– «Жасанды интеллект дәуірі және өзекті діни мәселелер»
– «Қазіргі саяси ғылымдағы жаңа бағыттар»
– «Мәдени формалардың көптүрлілігі: мұрадан заманауи кезеңге дейін»
– «Іс-әрекеттегі әлеуметтік жұмыс: теориядан практикалық іске асыруға»
– «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі философияның өзекті мәселелері»
– «Әлеуметтанулық өлшемдегі қоғам: тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы сын-қатерлер»
– «ТДМ аясында білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект: басқару мен сапаны арттыру стратегиялары»
– «Цифрлық ортадағы психология: қазіргі мәселелер және келешегі»
Конференция жұмысына жалпы саны 170-тен астам баяндаушы қатысуда, бұл шараға деген жоғары қызығушылық пен жас зерттеушілердің белсенді ғылыми ұстанымын көрсетеді.
«Фараби Әлемі» халықаралық конференциясы секциялық отырыстар форматында өз жұмысын жалғастырып, қатысушыларға ғылыми жетістіктерін таныстыруға және заманауи ғылымның дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Карыбаева Айнур Несибековна
деканның ғылыми инновациялық жұмыс
және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары