Заң мен тәртіп аясында «Құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру: полиция өкілдерімен кездесу» — ҚазҰУ

91ý

Заң мен тәртіп аясында «Құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру: полиция өкілдерімен кездесу»

7 сәуір 2026
Заң мен тәртіп аясында «Құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру: полиция өкілдерімен кездесу»

2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру: полиция өкілдерімен кездесу» тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің, Бостандық аудандық полиция басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде интернет және киберқылмыстардың кең таралған түрлері, қоғамдық тәртіпті сақтау негізгі профилактикалық іс-шарасы аясындағы қауіпсіздік талаптары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері туралы нақты мысалдар келтіріп, қоғамда «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдерінен жеке қауіпсіздік, интернет кеңістігіндегі сақтық шаралары, жеке деректерді қорғау және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.

Кездесу соңында студенттер жеке сипаттағы сұрақтарымен жүгініп, полиция қызметкерлері тарапынан жедел кері байланыс беріліп, әрбір сұрақ бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар ұсынылды.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға бағытталды.