Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Study in Azerbaijan” халықаралық білім көрмесі өтті — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Study in Azerbaijan” халықаралық білім көрмесі өтті

7 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Study in Azerbaijan” халықаралық білім көрмесі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық орталығында Әзербайжан жоғары оқу орындарының «Study in Azerbaijan» атты халықаралық білім көрмесі салтанатты түрде ашылды. Екі күнге жоспарланған бұл маңызды шара Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы білім, ғылым және инновация салаларындағы стратегиялық әріптестікті күшейтуді мақсат етеді. Сонымен қатар, көрме Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші (сапалы білім беру) және 17-ші (жаһандық әріптестікті нығайту) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған бастамалардың бірі болып табылады

Көрменің ресми ашылу рәсіміне ҚР ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әзербайжан Республикасының ылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі елдің жетекші университет ректорлары, білім саласының сарапшылары мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Халықаралық көрмеге Әзербайжанның 25-ке жуық жетекші университеті қатысып жатыр. Шара барысында талапкерлер мен студенттер жоғары білім беру бағдарламалары, академиялық мүмкіндіктер, ғылыми-инновациялық зерттеулер және заманауи кампус инфрақұрылымымен таныса алады. Қатысушыларға гранттық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, сондай-ақ оқуға қабылдау шарттары мен тілдік талаптар бойынша кеңейтілген ақпарат ұсынылады.

Жиын барысында ҚР ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көрменің екіжақты білім беру ынтымақтастығын дамытудағы маңызын атап өтті:

«Өткен жылы Әзербайжанда өткізілген ‘Study in Kazakhstan’ көрмесіне 2500-ден астам талапкер қатысып, үлкен қызығушылық танытты. Сол сапар барысында 80-ге жуық маңызды келісімге қол жеткіздік. Бүгінгі іс-шара – сол ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Әзербайжан үкіметі қазақстандық студенттерге арнайы гранттар ұсынып отыр. Бұл – жастарымыз үшін халықаралық деңгейде білім алуға ашылған үлкен мүмкіндік», – деді министр.

Өз сөзінде Әзербайжан Республикасының ылым және білім министрі Эмин Амруллаев:

«Қазақстан мен Әзербайжан – тарихы, мәдениеті және рухани құндылықтары жақын мемлекеттер. Білім беру саласындағы интеграция бұл байланысты одан әрі нығайтады. Біз қазақстандық студенттерге сапалы білім алуға және халықаралық ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік беруге дайынбыз», – деп атап өтті.

Көрмеге Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшылары да қатысты. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы, Халықаралық Астана университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі PhD Сапарова Динара Рахметовна, сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің аға оқытушысы PhD Абдулина Наргиз Альвиевна өз қатысуларымен шараның ғылыми-академиялық маңызын арттырды.

Сонымен қатар, көрме аясында Әзербайжан және Қазақстан ЖОО-лары арасында бірқатар жаңа ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Университеттер бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, профессор-оқытушылар құрамының академиялық алмасуын дамыту және ғылыми тағылымдамаларды кеңейту бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Бұл бастамалар аймақтық білім кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және студенттердің халықаралық тәжірибе алу мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен бірге, тараптар инновациялық стартаптарды қолдау және білім беру саласындағы жаңа цифрлық шешімдерді бірге дамыту мәселелерін көтерді.

Айта кетейік, көрме 7–8 сәуір күндері Farabi Hub орталығында жалғасады. Барлық талапкер мен студент Әзербайжан университеттеріндегі білім беру мүмкіндіктерімен тікелей танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға түпкілікті, нақты және толық жауап ала алады.