- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Оқуға күш-қуат: студенттер мен оқытушылар дұрыс тамақтану құпияларын бөліседі»
«Оқуға күш-қуат: студенттер мен оқытушылар дұрыс тамақтану құпияларын бөліседі»
«Денсаулығы дұрыс тамақтану және асқазан-ішек жолының саулығы — оқуда және өмірде табысқа жетудің негізі» атты выездтік іс-шара (ҰЗД №3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат)
Тұрақты даму мақсаттарының бірі ҰЗД №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында Алматы қаласындағы №120 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушыларына арналған «Денсаулығы дұрыс тамақтану және асқазан-ішек жолының саулығы — оқуда және өмірде табысқа жетудің негізі» атты выездтік білім беру іс-шарасы өткізілді. Мақсат — оқушыларға дұрыс тамақтанудың, асқазан-ішек жолының саулығын сақтаудың және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын түсіндіру.
Іс-шараны ұйымдастырып өткізген жауапты оқытушылар: Толенова К.Д., Камалова М.Н., Кадырова А.А., Кудайбергенова А.К., Айтжан М.У., мамандар оқушыларға қолжетімді және қызықты формада дұрыс тамақтану принциптері мен денсаулыққа пайдалы әдеттерді таныстырды.
Іс-шара барысында оқушылар асқазан-ішек жолының рөлін, оның қалай жұмыс істейтінін және ағзаның жалпы саулығына әсерін үйренді. Ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі адамның энергия деңгейіне, зейініне және оқу қабілетіне тікелей байланысты екені түсіндірілді.
Сабақ барысында теңдестірілген тамақтану принциптері туралы толық ақпарат берілді. Оқушыларға өсу мен дамуға қажетті өнімдер, дәрумендер мен минералдардың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, зиянды тағамдар мен сусындардың — фаст-фуд, газдалған тәтті сусындар, чипстер — ағзаға теріс әсері туралы айтылды.
Іс-шараның интерактивті бөлігінде оқушылар пікірталастарға қатысып, викториналарда өз білімдерін тексерді. Бұл формат тақырыпты қызықты және есте қаларлық етіп жеткізуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, күнделікті таңғы ас ішу және жеткілікті су ішу маңыздылығы түсіндірілді. Дұрыс тамақтану тек физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар оқу қабілетіне, концентрацияға және есте сақтауға әсер етеді.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Мұндай білім беру бастамалары балаларда өз денсаулығына жауапкершілік сезімін қалыптастырады және өмір бойы пайдалы әдеттерді дамытуға ықпал етеді.