Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының 3-секциясы өткізілді — ҚазҰУ

91ý

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының 3-секциясы өткізілді

7 сәуір 2026
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының 3-секциясы өткізілді

2026 жылдың 7 сәуірінде Биология және биотехнология факультетінде «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция аясында Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында «Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі зама науи мәселелері» атты 3-секциясы өткізілді.

3-секцияның отырысында 20 ауызша баяндама және 4 стендтік баяндама тыңдалды. Соның ішінде: Соның ішінде: 7 баяндама – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан); 1 баяндама – "Мәскеу физика-техника институты" (Москва қ., Рассия). 1 баяндама – Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент қ., Өзбекстан); 1 баяндама – М.Х.Дулати атындағы университет, (Тараз қ. Қазақстан); 1 баяндама – Республикалық жоғары медициналық колледжі, (Алматы, Қазақстан); 9 баяндама – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Іс-шараны Комиссия төрайымы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Кустубаева Альмира Мэлсовна ашып, сәттілік тіледі.

Жұмысты бағалау үшін келесі құрамда комиссия құрылды:

1. Аблайханова Нуржанят Татухановна, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры;

2. Ыдырыс Әлібек, PhD., биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры.

3. Гумарова Ляззат Жанбулатовна, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры.

4. Басыгараев Жандос Махабатович, биология ғылымдарының кандидаты, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Елиубаев Канат Омирбайулы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Мобильді оқытудағы геймификацияның когнитивті және аффективті реакцияларын цифрлық фенотиптеу». ылыми жетекшісі: ылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Датхабаева Г.К.

2 дәрежелі дипломмен "Мәскеу физика-техника институты" 2 курс магистранты  Гарифуллин Наиль Ильшатович марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Тышқандардағы Барнс лабиринті тестінде іздеу стратегиясының предикторлары ретінде бағдарлану белсенділігінің сандық маркерлері». ылыми жетекшісі: Крицкая Кристина Андреевна, биология ғылымдарының кандидаты, ғылыми қызметкер.

2 дәрежелі дипломмен Ташкент фармацевтикалық институтының өнеркәсіптік фармация факультетінің 4 курс студенті Хусниддинова Азизахон Равшан марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Адамның сүт безі қатерлі ісігі жасушаларында глицирризин қышқылының цитотоксикалық қасиеттерін бағалау». ылыми жетекшісі: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Азимова Б.Ж., б.ғ.д., профессор Шарипов А.Т.

3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Айтжан Корлан Болаткызы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Студенттердегі мазасыздық деңгейіне байланысты жүрек ырғағының вариабельдігі мысалында психофизиологиялық ерекшеліктерді зерттеу». ылыми жетекшісі: доцент міндетін атқарушы Датхабаева Г. К., аға оқытушы Швецова Е. В.

3 дәрежелі дипломмен М.Х.Дулати атындағы университет университетінің 2 курс студенті Айтмаханбет Айжан Қайратқызы марапатталсын. Баяндама тақырыбы: «Тараз қаласы тұрғындарының цитоморфологиялық статусын бағалау». ылыми жетекшілері:  б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Дузбаева Н.М.

3 дәрежелі дипломмен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті Мұратова Гүлназ Нұркенқызы марапатталсын. Баяндама тақырыбы «Әртүрлі уақыт аралықтарында мелатонин енгізу кезінде егеуқұйрықтардағы циркадтық ырғақтар мен мінез-құлық реакцияларының өзгерістерін зерттеу». ылыми жетекшісі: аға оқытушы Швецова Е. В.

 

Сонымен бірге басқа қатысушыларға факультеттің ынталандыру сыйлықтары берілді.