«Фараби әлемі – 2026» конференциясының 10-секциясы бойынша есепFarabi University

91ý

«Фараби әлемі – 2026» конференциясының 10-секциясы бойынша есеп

8 сәуір 2026
«Фараби әлемі – 2026» конференциясының 10-секциясы бойынша есеп

«Фараби әлемі – 2026» конференциясының 10-секциясы бойынша есеп

2026 жылғы 7 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби әлемі – 2026» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында 10-секция жұмысы өткізілді .

Секция тақырыбы: «Секция-10. Шет тілдерін арнайы мақсатта оқытудың инновациялық тәсілдері

10-Секция. Инновационные подходы к преподаванию иностранных языков для специальных целей

10- Section. Innovative approaches of teaching foreign languages for specific purposes

Конференция оффлайн форматта, сағат 11:00–14:00 аралығында ФМО факультетінің 228 аудиториясында ұйымдастырылды .

Секция төрағасы – ф.ғ.к., доцент м.а. Смагулова А.С., ф.ғ.к., ассистент-профессор Борибаева С.Б., Кудьяров Б. аға оқытушы, төраға орынбасары – Асан К.А., хатшы – Тәжібай М.Ж. .

Конференцияның ашылуында төраға кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі таңда шет тілдерін арнайы мақсатта оқытудағы инновациялық бағыттардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдау мен олардың зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырудың өзектілігі ерекше айтылды.

Секция барысында барлығы 20-дан астам баяндама тыңдалды. Қатысушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және басқа да жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары.

Баяндамалардың мазмұны қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді қамтып, келесі негізгі бағыттар бойынша топтастырылды:

  • шет тілдерін оқытуда жасанды интеллектті қолдану;
  • цифрлық білім беру ортасы мен EdTech технологиялары;
  • когнитивтік тәсілдер және оқытудағы инновациялық модельдер;
  • аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері;
  • кәсіби бағытталған тілдік құзыреттілікті қалыптастыру.

Қатысушылардың баяндамаларында қытай тілін арнайы мақсатта оқыту ерекшеліктері кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект құралдарын қолдану, цифрлық платформалардың тиімділігі, тіл үйренудегі когнитивтік жүктемені оңтайландыру, «төңкерілген сынып» моделі, микрооқыту әдісі және аудиовизуалды аударманың білім беру үдерісіндегі рөлі жан-жақты талданды.

Сонымен қатар, аударма саласына қатысты зерттеулерде мәдени ерекшеліктерді сақтау, терминологиялық дәлдік, жасанды интеллект негізіндегі аударманың артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ медиамәтіндерді талдау мәселелері көтерілді. Бұл баяндамалар қазіргі аударматану ғылымының жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Секция жұмысы барысында әрбір баяндама бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар мен ғылыми жетекшілер арасында мазмұнды пікірталастар өтті. Қойылған сұрақтар ғылыми зерттеулердің тереңдігін арттыруға, тақырыптарды жан-жақты ашуға ықпал етті. Әсіресе, жасанды интеллекттің тіл үйренудегі рөлі, оның тиімділігі мен шектеулері, сондай-ақ цифрлық технологиялардың білім сапасына әсері кеңінен талқыланды.

Конференция соңында қатысушылардың ғылыми жұмыстары сараланып, үздік баяндамалар анықталды. Нәтижесінде:

  • І орын – Қайсар Зарина;
  • ІІ орын – Шәкірт Әли, Болатов Бейбарыс;
  • ІІІ орын – Чувасова Милана, Пайзуллаева Зухра, Өмірзақ Диана марапатталды .

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жалпы, 10-секция жұмысы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігімен және өзекті тақырыптардың қамтылуымен ерекшеленді. Конференция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуына және заманауи ғылыми бағыттарды игеруіне үлкен мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, «Фараби әлемі – 2026» конференциясының 10-секциясы шет тілдерін арнайы мақсатта оқыту мен аударматану саласындағы инновациялық бағыттарды дамытуға өз үлесін қосқан маңызды ғылыми алаң болды.