«6B02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ән кешіне барды. — ҚазҰУ

91ý

«6B02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ән кешіне барды.

27 наурыз 2026
«6B02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ән кешіне барды.

27 наурыз күні «6B02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, ән кешіне барды. Кеш барысында студенттер ескі және заманауи әндерді тыңдап, ондағы мән мәтіндерді смен мәнін салыстырды. Аталған танымдық шараны ұйымдастырушылар  пән оқытушысы К.Күркебаев және магистрант-практикант Н.Қожағұл.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеу және ұлттық музыка арқылы мәдени сабақтастықты қалыптастыру. Студенттер әндерді тыңдау барысында олардың идеялық мазмұнына, тілдік ерекшеліктеріне және тәрбиелік мәніне назар аударып, жас әншілердің шығармашылығымен танысты.

Кеш соңында «Тұрақты даму мақсаттарының» негізгі қағидаттарына сүйене отырып, ескі және заманауи әндердің ерекшеліктері студенттер арасында кеңінен талқыланды.Мұндай форматтағы іс-шаралар болашақ филолог мамандардың тек кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын, мәдени танымын және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, дәстүрлі сөз саптам жүйесіндегі өзгерістерді тануға да зор ықпал ететіні сөзсіз.