«Алматы – Шанхай» форумы аясында «Япурай» гала-хор спектаклі өтті
8 сәуір 2026
2026 жылғы 7 сәуір күні «Алматы – Шанхай» бизнес форумы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Япурай» атты гала-хор спектаклі өтті. Ауқымды мәдени іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн арнайы қатысып, екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Гала-концерт барысында көрермендерге жоғары деңгейде дайындалған хорлық қойылым ұсынылып, ұлттық және заманауи музыкалық туындылар үндестік тапты. Іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасуды нығайтуға бағытталған маңызды алаңдардың бірі болды.
Аталған концертке Қытайтану кафедрасының оқытушылары да қатысып, өнер кешінен ерекше әсер алып қайтты.
Басқа жаңалықтар
15 шілде 2026