«Жасанды интеллект және адам» атты ашық кураторлық сабақ — ҚазҰУ

91ý

«Жасанды интеллект және адам» атты ашық кураторлық сабақ

4 сәуір 2026
«Жасанды интеллект және адам» атты ашық кураторлық сабақ

2026 жылғы 3 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің «Рекреациялық география және туризм» кафедрасында «Жасанды интеллект және адам» тақырыбында ашық кураторлық сабақ ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерге жасанды интеллект ұғымын түсіндіру, оның даму кезеңдерін талқылау және адам өміріндегі маңызы мен ықпалын жан-жақты қарастыру болды.

Сабақ барысында студенттер жасанды интеллекттің мәнін ашып, оның негізгі даму кезеңдеріне тоқталды. Сонымен қатар, адамзат үшін оның пайдасы мен ықтимал қауіптері талқыланды. Іс-шара барысында студенттер презентациялар дайындап, баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты интерактивті ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Ашық сабақ куратор-эдвайзерлер Көшкімбаева Ү.Т. және Моминов С.А. жетекшілігімен өткізілді.

Осындай тәрбиелік және танымдық іс-шаралар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.