«Фараби әлемі – 2026» конференциясындағы «Жануарлар биоәртүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» секциясының нәтижелері — ҚазҰУ

91ý

«Фараби әлемі – 2026» конференциясындағы «Жануарлар биоәртүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» секциясының нәтижелері

7 сәуір 2026
«Фараби әлемі – 2026» конференциясындағы «Жануарлар биоәртүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» секциясының нәтижелері

2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті. Аталған ауқымды ғылыми іс-шара аясында «Жануарлар биоалуантүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» атты 2-секцияның отырысы ұйымдастырылды.

Секция жұмысына жас зерттеушілердің ғылыми белсенділігі жоғары деңгейде болды. Жалпы секция бойынша 77 тезис келіп түсіп, оның 52-сі іріктеліп, қабылданды. Олардың қатарында ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының қатысуы кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Экология, туризм және тұрақты даму мәселелерін зерттеудің халықаралық ғылыми-практикалық орталығы, Гидробиология және экология институты, сондай-ақ Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінен қатысушылар өз ғылыми жұмыстарын ұсынды. Қабылданған тезистердің басым бөлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттарына тиесілі.

Секция төрағасы ретінде PhD, аға оқытушы Шарахметов Саят Ермуханбетович қызмет атқарды. Модераторлар құрамында б.ғ.д., профессор Нуртазин Сабыр Темиргалиевич, б.ғ.к., доцент Сапарғалиева Назым Сапарғалиқызы, б.ғ.к., доцент м.а. Жаркова Ирина Маратовна және б.ғ.к., доцент Мамилов Надир Шамилевич болды. Секция хатшысы – аға оқытушы Мауленова Салтанат Сабыржанқызы.

Секция отырысында барлығы 6 ауызша баяндама тыңдалып, олардың барлығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары тарапынан ұсынылды. Баяндамалар жануарлар биоалуантүрлілігі, паразитология, экология және морфология бағыттарындағы өзекті ғылыми мәселелерді қамтыды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.

І дәрежелі диплом әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2 курс студенттері Таиров Ильнур Амражанович пен Абдреимова Дильбара Ренатовнаға «Использование искусственного интеллекта в цифровизации гистологических изображений» тақырыбындағы баяндамасы үшін табысталды. ылыми жетекшісі – б.ғ.к., доцент м.а. Жаркова И.М.

ІІ дәрежелі диплом әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс магистранты Мухаметқали Аяулым Бейсенғалиқызына «Алтын дала» резерватында Пржевальский жылқысын (Equus Ferus Przewalskii) реинтродукциялаудың ғылыми-практикалық нәтижелері тақырыбындағы зерттеуі үшін берілді. ылыми жетекшісі – б.ғ.к., доцент Сапарғалиева Н.С.

Сонымен қатар ІІ дәрежелі диплом 4 курс студенті Каиржан Мадина Советовнаға «Исследование зообентоса лежбищ залива Кендирли» тақырыбындағы жұмысы үшін табысталды. ылыми жетекшісі – б.ғ.к., доцент Шалгимбаева С.М.

ІІІ дәрежелі дипломдар бірнеше қатысушыларға берілді. Атап айтқанда, 1 курс студенттері Дәурен Ақбота Ринатқызы, Сарсенбаева Аружан және Үсен Бейбарыс «Distribution of Opisthorchis felineus metacercariae in Almaty reservoirs» тақырыбындағы зерттеуі үшін марапатталды. ылыми жетекшісі – аға оқытушы Мауленова С.С.

Сондай-ақ ІІІ дәрежелі диплом 4 курс студенттері Шамшиддин Ақерке Маратқызы мен Тоқталы Айдай Ерболатқызына «Эксперименттік гипотиреоз жағдайында егеуқұйрықтардың қалқанша безінің морфологиялық өзгерістері» тақырыбындағы жұмысы үшін табысталды. ылыми жетекшісі – аға оқытушы Манкибаева С.А.

Тағы бір ІІІ дәрежелі диплом 4 курс студенті Темірлан Жансая Саматқызына «Исследование влияния пестицида солито на развитие Danio Rerio» тақырыбындағы жұмысы үшін берілді. ылыми жетекшісі – б.ғ.д., профессор Шалахметова Т.М.

Конференция барысында белсенділік танытқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық марапатталған жұмыстар жоғары ғылыми деңгейді, зерттеушілердің кәсіби дайындықтарын және өзекті ғылыми мәселелерге деген терең қызығушылықтарын айқын көрсетті. Бұл нәтижелер жас ғалымдардың белсенділігін және «Жануарлар биоалуантүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» секциясындағы зерттеулердің маңыздылығын ерекше атап көрсетеді.

 

Зоология, гистология және цитология кафедрасы