«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз мәресіне жетті!Farabi University

91ý

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз мәресіне жетті!

8 сәуір 2026
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өз мәресіне жетті!

ТДМ-4 Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде дәстүрлі «Фараби форумы» аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы сәтті қорытындыланды.

Конференция барысында қатысушылар журналистика, медиакоммуникация, кино, дизайн және PR бағыттары бойынша өзекті ғылыми баяндамаларын ұсынып, теориялық және тәжірибелік тұрғыда пікір алмасты. Үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) өткен секциялық мәжілістер жас зерттеушілер үшін ғылыми ой бөлісудің, тәжірибе алмасудың және жаңа идеяларды талқылаудың  алаңы болды.

Күннің екінші жартысында өткен қорытынды отырыста секция жұмыстары сараланып, үздік баяндамалар анықталды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен университеттің эмблемасы бейнеленген естелік сыйлықтар табысталды.

 Жүлделі орын иегерлері:
 1-орын
- Сериков Арсен Нұркелдіұлы (7М03204 - Қоғаммен байланыс) Тақырыбы: МЕДИАКОНТЕНТТІҢ PR-КОММУНИКАЦИЯДА СЕНІМ ФАКТОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
 2-орын
- Шамшадинова Мөлдір Жеңісқызы (6B03206 - Медиакоммуникациялар). Тақырыбы: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЭТИКАЛЫҚ СЫН ҚАТЕРЛЕР.
 3-орын
- Мейрамханқызы Аяулым (6В02105 - Сандық медиа драматургиясы) Тақырыбы: ГЕТЕНІҢ “ФАУСТ” ДРАМАЛЫҚ-ПОЭМАСЫ НЕГІЗІНДЕ СЦЕНАРИЙ ЖАЗУ ШЕБЕРЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

 «Фараби әлемі» конференциясы - жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жекелеген секциялар туралы толық ақпаратты алдағы күндері жариялаймыз.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!