Бірлік – берекенің бастауы! 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті. — ҚазҰУ

91ý

Бірлік – берекенің бастауы! 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті.

8 сәуір 2026
Бірлік – берекенің бастауы! 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара ұйымдастырылды.

Кеш барысында студенттер ұлттық құндылықтар мен мәдени әралуандылықты дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен келісімнің маңыздылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Түрлі этнос өкілдерінің белсенді қатысуы мерекенің негізгі идеясы – татулық пен өзара құрметтің нақты көрінісіне айналды.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел бірлігі – тәуелсіздіктің басты тірегі екені кеңінен насихатталды. Бұл қағиданың тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, білім беру кеңістігінде де айрықша маңызға ие екендігі айқындалды.

Мерекелік жиын студент жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар, Ауғанстан мен Бангладеш мемлекеттерінен келген студенттер өз елдерінің ұлттық тағамдарын қазақ тілінде таныстырып, оқу жылында үйренген тілдік дағдыларын ортаға салды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доцент м.а., PhD Жанат Сәрсенбай.