Педагогикалық практика: кәсіби дағдыларды шыңдау алаңы
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының жоспарлы педагогикалық практикасы аясында магистранттардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды ғылыми-әдістемелік шара жүзеге асырылды. 2026 жылдың 19 наурызында «7М01802 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына арналған «Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік басқару» пәні бойынша ашық дәріс сабағы өтті.
Дәрістің негізгі мазмұны мен бағыты:
Сабақтың тақырыбы — «Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты». Дәріс барысында мемлекеттік реттеу мен қоғамдық бастамалардың өзара әрекеттесу принциптері, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы демократиялық басқару механизмдері терең талданды. Оқу процесі гибридті форматта (офлайн және ZOOM платформасы арқылы) ұйымдастырылып, заманауи білім беру технологияларының тиімділігін көрсетті.
ылыми-практикалық маңыздылығы және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған:
ТДМ 4 (Сапалы білім беру): Болашақ педагог-менеджерлердің кәсіби даярлық деңгейін көтеру;
ТДМ 9 (Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым): Білім беру үдерісіне заманауи гибридті және инновациялық технологияларды енгізу;
ТДМ 17 (Тұрақты даму жолындағы серіктестік): Басқару жүйесіндегі мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді өзара әрекеттесу тетіктерін дамыту.
Дәріс барысында магистранттар адам капиталын дамыту мәселелерін сыни тұрғыдан талқылап, өздерінің зерттеу жұмыстарына қажетті практикалық негіз алды.
Ашық дәрісті педагогикалық практика шеңберінде докторант А.С. Жумагалиева (8D01802 – Әлеуметтік педагогика) жүргізді. Пән оқытушысы — п.ғ.к. А.М. Кудайбергенова.
Басқа жаңалықтар