Шығыстану факультетінде Бұхара халықаралық университетінің делегациясымен кездесу өтті — ҚазҰУ

91ý

Шығыстану факультетінде Бұхара халықаралық университетінің делегациясымен кездесу өтті

8 сәуір 2026
Шығыстану факультетінде Бұхара халықаралық университетінің делегациясымен кездесу өтті

8 сәуір күні Шығыстану факультетінде Бұхара халықаралық университетінің ректоры Шариф Баратов бастаған делегация факультет тынысымен танысып, оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді. Шара барысында екі оқу орны арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту, магистранттар мен докторанттар үшін арнайы тағылымдамалар ұйымдастыру және бірлескен қысқы-жазғы мектептерді өткізу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар тараптар оқытушылардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық ғылыми коллаборация орнату бағытында өзара уағдаласты.

Кездесудің ерекше нәтижесі ретінде қазақстандық ғалымдардың Бұхара халықаралық университетінің ВАК тізіміндегі ғылыми журналдарына мақалалар жариялау мүмкіндігі қарастырылып, алдағы уақытта білім мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайтудың нақты тетіктері айқындалды.