- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тәрбиелік іс-шара «Жастардың психологиялық әл-ауқаты мен азаматтық жауапкершілігін дамытудағы ұлттық тәрбие жне цифрлық технологиялардың рөлі»
Тәрбиелік іс-шара «Жастардың психологиялық әл-ауқаты мен азаматтық жауапкершілігін дамытудағы ұлттық тәрбие жне цифрлық технологиялардың рөлі»
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте жне Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылмаған гимназияда «Жастардың психологиялық әл-ауқаты мен азаматтық жауапкершілігін дамытудағы ұлттық тәрбие жне цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара 3 сәуір өткізілді.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру жне цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәдениетін дамыту болды.
Тәрбиелік іс-шара барысында жастардың қазіргі қоғамдағы орны, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар цифрлық кеңістікте тұлғалық мәдениетті сақтау, ақпаратты дұрыс пайдалану, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық пен психологиялық тұрақтылықты нығайту жолдары қарастырылды.
Шара аясында ұлттық тәрбие мен заманауи цифрлық мүмкіндіктерді үйлестіре отырып, жастардың тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды ой-пікірлер ортаға салынды. Білім алушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын білдіріп, тақырып төңірегінде пікір алмасты.
Тәрбиелік іс-шараны Сүлейменова Р.М. (8D01802 – Әлеуметтік педагогика) жне Қалымбетов Д.А. (8D01101 – Педагогика жне психология) 1 курс докторанттары өткізді. Іс-шара жастардың психологиялық әл-ауқатын қолдау, азаматтық жауапкершілігін арттыру жне ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру үдерісімен сабақтастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Басқа жаңалықтар