Болашақ фармацевтер дәрілік препараттарды ұтымды қолдану мәселелерін талқылады. — ҚазҰУ

91ý

Болашақ фармацевтер дәрілік препараттарды ұтымды қолдану мәселелерін талқылады.

9 сәуір 2026
Болашақ фармацевтер дәрілік препараттарды ұтымды қолдану мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Іргелі медицина кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-бағыты – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның тақырыбы: «Дәрілік заттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етудегі фармацевтің рөлі». Іс-шараға «Фармация» білім беру бағдарламасының 2, 3 және 4 курс студенттері қатысты.

Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің дәрілік заттарды ұтымды қолдану жөніндегі білімдерін кеңейту, фармацевтің кәсіби жауапкершілігін арттыру және халық денсаулығын сақтаудағы рөлін түсіндіру. Іс-шара барысында дәрілік заттарды дұрыс таңдау, мөлшерлеу, сақтау және қолдану қағидалары жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, фармацевтің науқастарға кеңес беруі, дәрілердің жанама әсерлері мен өзара әрекеттесуін түсіндіруі, өзін-өзі емдеудің алдын алу сияқты маңызды міндеттері талқыланды. Антибиотиктерді дұрыс қолданбаудың салдары мен дәрілік тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттер нақты жағдайларды талдау арқылы өз білімдерін бекітіп, фармацевтік қызметтің маңызын терең түсінді.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Қатысушылар топтық талқылауларға белсенді қатысып, пікір алмасты, сұрақтар қойып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Бұл олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Кураторлық сағат соңында кері байланыс жүргізіліп, студенттер өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар іс-шараның пайдалы әрі өзекті болғанын атап өтіп, алған білімдерінің болашақта маңызды екенін жеткізді.

Қорытындылай келе, бұл кураторлық сағат ТДМ 3 мақсатына сәйкес студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және сапалы фармацевтік қызметтің маңызын түсіндіруге бағытталды.

Аталған іс-шараны Фармация мамандығының 1-курс магистранттары Каимова Мукадас Талиновна мен Жанысбек Нурайым Ракымбердыкызы ұйымдастырды. ылыми жетекшісі – Картбаева Эльмира Бекболовна.

#ТДМ, #ТДМ3 #ЖақсыДенсаулықЖәнеӘлАуқат #Фармация #ҚазҰУ