Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты даму: ҚазҰУ-да халықаралық конференция өттіFarabi University

91ý

Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты даму: ҚазҰУ-да халықаралық конференция өтті

9 суір 2026
Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты даму: ҚазҰУ-да халықаралық конференция өтті

2026 жылғы 7 суірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде V Халықаралық Фараби форумы аясында «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды ғылыми іс-шара қазіргі жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында тұрақты дамудың өзекті мәселелерін кешенді түрде талқылауға бағытталды.


Конференцияның мақсаты
- экономиканың тұрақты даму моделін қалыптастыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талқылау, сондай-ақ академиялық және бизнес-қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Конференцияға Қазақстан және шетелдік жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, халықаралық ұйымдар мен бизнес қауымдастық мүшелері қатысты. Іс-шара ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтатын маңызды диалог платформасына айналды.

Салтанатты ашылу рәсімінде университеттің бірінші проректоры Еркін Эрманұлы Дүйсенов қатысушыларды құттықтап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер кезеңінде ғылыми зерттеулердің сапасы мен практикалық маңыздылығын арттырудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Дәулет Мұқаев, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқа да беделді спикерлер қатысып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен цифрлық трансформация бағыттарына қатысты маңызды пікірлерін ортаға салды.

Пленарлық отырыс конференцияның негізгі ғылыми өзегін айқындады. Қазақстанның цифрлық даму стратегиясы, еңбек нарығының өзгеруі, жасанды интеллекттің экономиканың түрлі секторларына әсері, инфляциялық үдерістер мен макроэкономикалық тұрақтылық мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Атап айтқанда, Мирас Закиев Қазақстанның цифрлық серпіліс стратегиясын таныстырса, Инду Джон Абрахамболашақ экономикасының негізгі факторларын айқындады. Mastercard компаниясының өкілі Эля Мамлеева қаржы экожүйелерінің трансформациясын талдап, жасанды интеллекттің қаржы секторына әсерін көрсетті.

Көлік және логистика саласының тұрақтылығы Рамия Сараева баяндамасында қарастырылса, цифрландырудың бизнеске әсері Мақсат Калибеков баяндамасында нақты тәжірибелер арқылы көрсетілді. Макроэкономикалық тұрақтылық пен инфляция мәселелері Нариман Абильшаиков баяндамасында кеңінен талданды.

Халықаралық ғылыми бағытта Antonio Maffei өндірістік жүйелердегі IT/OT интеграция мәселелерін, Jagan Jeevanлогистика мен құрғақ порттардың маңызын, Елена Попкова агроөнеркәсіптегі цифрландыруды, ал Yosini Delianaэкологиялық тұтыну трендтерін қарастырды. Сонымен қатар, университетіміздің профессоры Булат Мухамедиев мұнай кірістері мен макроэкономикалық тәуекелдерге қатысты ғылыми моделін ұсынды.

Конференцияның мазмұндық ерекшелігі оның қатысушыларға ұсынған кең мүмкіндіктерімен де айқындалды. Секциялық отырыстарда жаһандық сын-қатерлер мен стратегиялық басымдықтар, қаржы және мемлекеттік аудит, бизнес-технологияларды трансформациялау, сондай-ақ менеджмент саласындағы жаңа үрдістер талқыланды.

Іс-шара аясында жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолдану, халықаралық ғылыми басылымдарға жариялану, көшбасшылық және команда менеджменті, қаржылық сауаттылық пен инвестициялық стратегиялар бойынша воркшоптар мен мастер-класстар өткізілді. Бұл қатысушыларға теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, конференция ғылым мен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ететін маңызды алаң ретінде танылды. Индустрия өкілдерімен ашық пікірталастар ұйымдастырылып, бизнес қауымдастық пен стартаптар үшін кең ауқымды нетворкинг мүмкіндіктері ұсынылды. Бұл өз кезегінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру және инновациялық бастамаларды дамытуға серпін берді.

Қорытындылай келе, аталған халықаралық конференция жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында тұрақты дамудың жаңа парадигмаларын қалыптастыруға бағытталған маңызды ғылыми алаңға айналды. Ол ғылыми қауымдастық, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимылды күшейтіп, Қазақстанның халықаралық ғылыми кеңістіктегі орнын нығайтуға елеулі үлес қосты.