Академик Сұраған Дөрбетхан Риман гипотезасының құпияларымен бөлісті — ҚазҰУ

91ý

Академик Сұраған Дөрбетхан Риман гипотезасының құпияларымен бөлісті

9 сәуір 2026
Академик Сұраған Дөрбетхан Риман гипотезасының құпияларымен бөлісті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ылым күніне арналған академиялық дәрістер циклы аясында математика саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеуші, академик Сұраған Дөрбетханмен кездесу өтті. Тәжірибелі ғалымның дәрісі университеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған шараның маңызды бөлігіне айналды.

алымның «Мыңжылдық проблемалар: Риман гипотезасы» атты дәрісіне оқу орнының ғылыми қоғамдастығы мен студенттері қатысты.

Жиынды ашқан ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Қуаныш Тастамбек академиктің ғылымға қосқан зор үлесіне тоқталды. Ол Сұраған Дөрбетханның 90-нан астам ғылыми еңбек пен екі монографияның авторы екенін, сондай-ақ Харди типті теңсіздіктер мен Ли топтарындағы потенциалдар теориясы бойынша әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізіп жатқанын атап өтті. Бүгінде ғалымның жетекшілігімен ҚазҰУ және Назарбаев университеті бірлескен ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.

Дәріс барысында академик Риман гипотезасының мәні мен оның қазіргі сан теориясы мен аналитикалық математикадағы іргелі орнын түсіндіріп берді. «Риман гипотезасы – жай ғана күрделі есеп емес, ол бүкіл математиканың болашақ бағытын айқындайтын іргелі мәселе. Бұл жұмбақтың шешілуі көптеген ғылыми теориялардың жаңа белеске көтерілуіне жол ашады», – деді академик.

Ғалым аталған тақырыптың практикалық маңызына, әсіресе криптография мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ академик жас зерттеушілерді ғылым жолында батыл болуға және іргелі мәселелерді шешуге ұмтылуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар академикке көкейкесті сұрақтарын қойып, заманауи математиканың өзекті мәселелері төңірегінде пікір алысты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі