«Жылдың үздік жастары» сыйлығына ие болды — ҚазҰУ

91ý

«Жылдың үздік жастары» сыйлығына ие болды

31 наурыз 2026
«Жылдың үздік жастары» сыйлығына ие болды

Әзірбайжандық зерттеуші әрі жастар көшбасшысы, Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафе­дра­сының докторанты Элнур Арифзаде Әзірбайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі тағайындаған беделді «Жылдың үздік жас­тары» атағына ие болды. Бұл марапат жастар саясатын жүзеге асы­руға белсенді үлес қосып, көшбасшылық, әлеуметтік және халықаралық бел­сенділік арқылы ерекшеленетін жас тұлғаларға беріледі.

«Жылдың үздік жастары» сыйлығы қоғамның тұрақты даму жолындағы жас­­тардың маңызды рөлін атауға және инно­вацияны, жауапкершілік пен қо­ғам­дық ықпалды біріктіретін үлгілі баста­ма­ларды насихаттайды. Элнур Арифза­де­нің биік межеден көрінуі оның ТДМ төңірегіндегі ғылыми зерттеулеріне, ха­лықаралық академиялық тәжіри­бе­сіне, ұлттық және жаһандық деңгейдегі жас­тар жұмысына тұрақты қатысуына берілген жоғары баға. 
Сыйлықты тапсыру рәсіміне мемле­кет­тік мекемелердің, жастар ұйым­да­рының және академиялық қауым­дас­тық­тың өкілдері қатысты. Іс-шара ба­­рысында марапатты Әзірбайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гайибов ресми түрде табыс етті. Ол елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарына үлес қосатын жас ғалымдар мен көшбасшыларды қол­дау­дың маңыздылығын атап өтті.
Эльнур Арифзаде қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұ­рақты даму бойынша ЮНЕСКО кафе­дра­сында экология саласындағы док­тор­лық зерттеуін жалғастыруда. Оның зерттеулеріне мен, Ерлан Досжанов, академиялық жетекшілік етемін, ал Гонконг қалалық университетінен кел­ген Джин Шан оның шетелдік жетекшісі. Бұл халықаралық академиялық ынты­мақ­тастық түрлі ғылыми тәсілдерді біріктіруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, тұ­рақты даму және қоршаған орта ғылымы са­ласындағы жаһандық зерттеуді ілге­рі­летуге ықпал етеді.
Элнур Арифзаденің академиялық және қоғамдық қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсат­та­ры­мен тығыз байланысты. Атап айтқанда ол бейресми білім беруді дамытуға баса назар аудара отырып, ТДМ-ның 4-ба­ғыты – сапалы білім беруді ілгерілетуге бел­сенді қатысты. Ол Әзірбайжанда тре­нерлерге арналған кәсіби құзы­рет­ті­лікті арттыруға, инклюзивті оқу ор­та­сын ілгерілетуге және жастар үшін тұ­рақ­ты білім беру мүмкіндіктерін ке­­ңейтуге бағытталған «Бейресми емес бі­лім беру бойынша тренерге арналған нұсқаулықтың» бірлескен авторы.
Элнур білім беруді дамыту және жас­тардың құқығы мен мүмкіндігін ауқым­дан­дыру бойынша халықаралық пікір­та­ластарға, соның ішінде Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассам­блея­сында және Бельгиядағы Еуро­па­лық Парламентте ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты. Осы платформалар арқылы ол білім берудің болашағын қалыптастыруда жастардың рөлін нығайту бойынша жаһандық диа­логқа үлес қосты.
Сонымен қатар ол Тұрақты даму мақ­­сатының «Климаттың өзгеруімен кү­рес» 13-тармағын ерекше қолдайды. Осы­ған байланысты Элнур Арифзаде климаттың өзгеруі және биоәртүрлілік бойынша ха­лықаралық жастар конфе­рен­цияларына, атап айтқанда Жапо­ния­­да өткен ірі фо­рум­ға қатысып, жа­һан­дық экологиялық мәселелер мен ха­лықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы талқылауларға белсенді түрде араласты.
Халықаралық климатқа қатысты қыз­­метінен басқа, Элнур Арифзаденің жаһандық климаттық диалогқа қосқан еңбегі ұлттық деңгейде де мойындалды. Әзірбайжан технологиялық универси­те­тінің докторанты ретінде ол 2024 жылдың 11-22 қарашасы аралығында Бакуде өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (COP29) тараптары конференциясының 29-шы сессиясына белсенді қатысқаны үшін Әзірбайжан Республикасының Пре­зиденті Ильхам Әлиевтің алғыс ха­тына ие болды. Бұл марапат оның кли­маттық әрекеттерге, қоршаған ортаның тұрақтылығына және жастардың жаһан­дық климаттық процестерге қатысуын өр­кендетуге қосқан үлесін көрсетеді.

 

Ерлан ДОСЖАНОВ,
PhD, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті

Сәуле ҚАЛДЫБАЕВА,
PhD, кафедра меңгерушісінің орынбасары