Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы қорытындыландыFarabi University

91ý

Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы қорытындыланды

9 сәуір 2026
Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы қорытындыланды

Шығыстану факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде қорытындыланды. Бұл шара жас зерттеушілер үшін Шығыс елдерінің тілі мен мәдениеті, тарихы, саясаты, сондай-ақ цифрлық дипломатия сынды өзекті бағыттарда еркін пікір алмасатын бірегей алаңға айналды. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткен секциялық мәжілістерде теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік идеялар ұштастырылды.

Жиын соңында үздік баяндама жасаған шәкірттер марапатталды: І орынды Бауыржанов Әділет Арманұлы, ІІ орынды Берженбаева Дана Бауыржанқызы, ал ІІІ орынды Жасұзақ Айғаным иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен университет эмблемасы бейнеленген естелік сыйлықтар табысталып, барлық қатысушылар ғылыми ізденістері үшін грамоталармен марапатталды. Бұл басқосу жас ғалымдардың болашақ белестеріне жол ашады деп сенеміз.