Іргелі медицина кафедрасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шара өтті.Farabi University

91ý

Іргелі медицина кафедрасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шара өтті.

9 сәуір 2026
Іргелі медицина кафедрасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шара өтті.

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған «Good Health and Well-being» (ТДМ3) бағыты бойынша іргелі медицина кафедрасының оқытушысы Назиран Фатиха GM 25-06 тобы студенттерімен бірлесіп ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың салауатты өмір салты туралы түсінігін кеңейту, күнделікті қарапайым, бірақ маңызды әдеттердің денсаулыққа әсерін түсіндіру болды. Сонымен қатар, құнарлы және пайдалы тағамдарды дұрыс тұтыну, физикалық белсенділік, психикалық саулық және жалпы денсаулықты сақтау мәдениеті туралы ақпарат берілді.
Талқылау барысында студенттер белсенділік танытып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарын ұсынды. Бұл іс-шара білім алушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, тұрақты әрі салауатты болашақ қалыптастырудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.