Секция 8: «Әлемдік тарихи үдерістер: мемлекет пен қоғам дамуының заманауи интерпретациясы»Farabi University

91ý

Секция 8: «Әлемдік тарихи үдерістер: мемлекет пен қоғам дамуының заманауи интерпретациясы»

7 сәуір 2026
Секция 8: «Әлемдік тарихи үдерістер: мемлекет пен қоғам дамуының заманауи интерпретациясы»

«Фараби әлемі – 2026»: Тарих пен қоғам дамуының жаңа қырлары талқыланды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Фараби әлемі – 2026» халықаралық ғылыми конференциясы аясында 8-секцияның қорытындысы жарияланды.
Секция тақырыбы: «Әлемдік тарихи үдерістер: мемлекет пен қоғам дамуының заманауи интерпретациясы».
Биылғы жиын географиялық ауқымының кеңдігімен ерекшеленді. Конференцияға Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Иран сияқты елдерден келген жас зерттеушілер қатысып, тарих пен саясаттың өзекті мәселелері бойынша өз көзқарастарын ұсынды.
Секция жұмысының мақсаты:
Жас ғалымдардың тарихи үдерістерді талдау қабілетін арттыру;
Мемлекет пен қоғам дамуының заманауи үлгілерін ғылыми тұрғыдан саралау;
Шетелдік студенттер арасында академиялық байланысты нығайту.
Комиссия шешімімен ең үздік, мазмұнды әрі өзекті баяндама жасаған жеңімпаздар анықталды:
🏆 Конференция жүлдегерлері:
🥇 I дәрежелі диплом:
Дастан Хулан (Монғолия)
Asylbek Yelina (Қытай)
🥈 II дәрежелі диплом:
Дәулетбай Жинар (ҚХР)
Кучкарбаева Жибек Усеровна (Өзбекстан)
Малшыбай Айбану (Моңғолия)
Өмірбек Нұрбаршын (ҚХР)
Нұрбек Айнұр және Бірлік Зәуре (ҚХР)
Байханат Мухамет (Моңғолия)
🥉 III дәрежелі диплом:
Ертай Қарақат (ҚХР)
Асылбек Елина (ҚХР)
Нұржұма Ділда (ҚХР)
Акерия Арай (Моңғолия)
Қорытынды:
8-секцияның жұмысы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Халықаралық деңгейдегі мұндай пікірталастар болашақ тарихшылар мен саясаттанушылар үшін тәжірибе алмасудың таптырмас мектебіне айналды.
Барлық жеңімпаздарды айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз! ылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болсын!