Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі аясындағы ғылыми жетістіктер — ҚазҰУ

91ý

Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі аясындағы ғылыми жетістіктер

9 сәуір 2026
Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі аясындағы ғылыми жетістіктер

2026 жылдың 3–7 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін маңызды алаңға айналды. Аталған конгреске әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының оқытушылары, магистранттары және бакалавр студенттері белсенді қатысып, өз ғылыми жетістіктерін ұсынды.

Бұл ауқымды ғылыми іс-шара заманауи математиканың, есептеу ғылымдарының, деректерді талдаудың және жасанды интеллекттің өзекті бағыттарын қамтып, отандық және шетелдік ғалымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Конгресс барысында қатысушылар жаңа ғылыми нәтижелермен танысып қана қоймай, өз зерттеулерін кәсіби ортада талқылап, бағалы пікірлер алды.

Конгресс аясында кафедра өкілдері келесі маңызды ғылыми секцияларда баяндамалар жасады:

  • «ылымдағы, техникадағы және білім берудегі есептеу және ақпараттық технологиялар (CITECH-2026)»
  • «ылыми жасанды интеллект: математикалық әдістер және өнеркәсіптік қолданыстар»
  • «Теориялық және қолданбалы механиканың іргелі мәселелері»

Аталған секцияларда ұсынылған ғылыми жұмыстар есептеу әдістерін қолдану арқылы күрделі физикалық және инженерлік процестерді модельдеуге, үлкен деректерді талдауға, сондай-ақ машиналық оқыту алгоритмдерін нақты есептерде қолдануға бағытталды. Әсіресе, атмосферадағы ластаушы заттардың таралуын модельдеу, гидродинамикалық процестерді сандық зерттеу, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі болжам жасау әдістері кеңінен қамтылды.

Кафедраның магистранттары мен студенттері өз ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап, олардың зерттеу нәтижелері ғылыми қауымдастық тарапынан оң бағаланды. Баяндамалар барысында қолданылған әдістердің ғылыми негізділігі, есептеулердің нақтылығы және нәтижелердің практикалық маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Бұл ғылыми сапар қатысушылар үшін тек баяндама жасау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар кәсіби даму, ғылыми ой-өрісті кеңейту және жаңа зерттеу бағыттарын анықтау тұрғысынан да маңызды тәжірибе болды. Конгресс барысында студенттер жетекші ғалымдармен тікелей байланыс орнатып, болашақ ғылыми жобаларға қатысты идеялар алды.

Сонымен қатар, мұндай халықаралық деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысу жас зерттеушілердің ғылыми мәдениетін қалыптастырып, академиялық жазу, зерттеу нәтижелерін қорғау және ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

ЦУР 4 – Сапалы білім
Конгрессқа қатысу арқылы білім алушылар заманауи ғылыми әдістерді меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Бұл олардың академиялық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.

ЦУР 9 – Индустрия, инновация және инфрақұрылым
Есептеу технологиялары мен жасанды интеллект әдістерін қолдану арқылы инженерлік және ғылыми есептерді шешудің инновациялық тәсілдері

ЦУР 13 – Климаттың өзгеруімен күрес
Атмосфералық процестерді модельдеу және қоршаған ортадағы өзгерістерді болжау бағытындағы зерттеулер экологиялық мәселелерді түсінуге және оларды шешуге негіз қалайды.

 Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы