ылыми жоба аясында жұмыс кездесуі өтті — ҚазҰУ

91ý

ылыми жоба аясында жұмыс кездесуі өтті

9 сәуір 2026
ылыми жоба аясында жұмыс кездесуі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультетінде АР26199673 «ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, Алматы қаласы топырақ жамылғысының техногендік ластануын экологиялық бағалау» ғылыми жобасының орындаушыларының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары мен міндеттері нақтыланып, алдағы кезеңдерде атқарылатын жұмыстар жан-жақты талқыланды. ылыми топ мүшелері Алматы қаласы топырақ жамылғысының техногендік ластану деңгейін бағалау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) негізінде кеңістіктік деректерді талдау, картографиялық материалдарды әзірлеу және алынған нәтижелерді ғылыми тұрғыда интерпретациялау мәселелері бойынша пікір алмасты.  


Аталған ғылыми зерттеу Тұрақты даму мақсаттарының бірқатарымен тікелей байланысты. Атап айтқанда:

ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер. Жоба нәтижелері қалалық ортадағы экологиялық қауіпсіздікті арттыруға, антропогендік қысымды бағалауға және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Индикаторлар қалалардың экологиялық тұрақтылығын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетумен байланысты.

ТДМ 15 – Құрлықтағы экожүйелерді сақтау. Топырақ жамылғысының ластану деңгейін анықтау және оның экожүйелерге әсерін бағалау жер ресурстарын қорғау, топырақ деградациясының алдын алу және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын сақтау міндеттерімен үндеседі.