Өндіріс пен білім беру жүйесінің өзара ықпалдастығы
2026 жылғы 8 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері — Балғышева Б.Д., Рыскалиева Р.Г., Пономаренко О.И., Бейсембаева Л.К. — Алматыдағы ЖШС «Цин-Каз» өндіріс орнында кездесу өткізіп, дәрістер курсын оқыды. Компания томат пастасы, кетчуп және маринадтар шығарады.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында ұйымдастырылып, білім беру мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты күшейту, тәжірибе алмасу және заманауи өндіріс талаптарына сай мамандар даярлау мақсаттарын көздеді.

Қазіргі таңда өндіріс пен білімнің тығыз байланысы экономиканың тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындары теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Мұндай ынтымақтастық студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне, нақты технологиялық процестермен танысуына және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында дуалды оқыту жүйесін дамыту, оқу бағдарламаларын өндіріс талаптарына бейімдеу, ғылыми зерттеу нәтижелерін өндірісте қолдану мәселелері қаралды. Қатысушыларға «Қызанақты өсіру технологиясы», «Қызанақтың пайдалы қасиеттері», «Томат өнімдерінің кулинарлық қолданылуы», «Ашық жерде қызанақ өсіру ерекшеліктері» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Осы іс-шара білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға және жауапты өндірісті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Химия және химиялық технология факультеті
жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының доценттері: Бейқұт Балғышева
Роза Рысқалиева
Оксана Пономаренко
Луиза Бейсембаева