Жас ғалымның ғылыми-зерттеу әлеуетін жетілдіру маңызды
Қазіргі жаhандану жағдайында халықаралық ғылыми тағылымдамалар жас зерттеушілердің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттырудың маңызды тетіктерінің біріне айналып отыр. Академиялық ұтқырлық ғылыми тәжірибе алмасуға, халықаралық ғылыми ортада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге және шетелдік ғылыми мектептердің тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді.
Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторантымын. Таяудада Испания Корольдігінің Сантьяго-де-Компостела қаласында орналасқан Сантьяго-де-Компастело университетінің (USC) Галисия зерттеулері және даму институтында (IDEGA) халықаралық ғылыми тағылымдамадан өттім.
ылыми тағылымдама шетелдік ғылыми жетекші Мануэль Фернандес-Греланың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Тағылымдама барысында экономика, цифрландыру, шағын және орта бизнесті дамыту салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар халықаралық ғылыми тәжірибелерді зерделеу арқылы заманауи экономикалық үрдістерді талдау бағытында теориялық және практикалық білім жетілдірілді.
Тағылымдама аясында шетелдік ғылыми жетекшімен бірлескен ғылыми жұмыстар атқарылды, ҚР ылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) ұсынған ғылыми басылымдарға және халықаралық Scopus деректер базасына енген журналдарға ғылыми мақалалар дайындалды. Бұл жұмыстар ғылыми зерттеу сапасын арттыруға, академиялық жазу дағдыларын жетілдіруге және халықаралық жарияланым талаптарын меңгеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ университет кітапханалары мен электрондық ғылыми каталогтар арқылы докторлық диссертация тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттер, статистикалық мәліметтер және аналитикалық материалдар жинақталды. Халықаралық ғылыми базалармен жұмыс жасау тәжірибесі зерттеу жұмысының ғылыми-әдістемелік негізін күшейтіп, зерттеу тақырыбын тереңірек талдауға жағдай жасады.
Сантьяго-де-Компостела университетіндегі ғылыми тағылымдама еуропалық ғылыми-зерттеу жүйесімен танысуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және заманауи экономикалық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берген маңызды академиялық тәжірибе болды. Алынған білім мен тәжірибе отандық ғылымды дамытуға, сондай-ақ цифрлық экономика жағдайындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
Тағылымдама қорытындысы бойынша маған ғылыми тағылымдамадан өткенім туралы ресми сертификат табысталып, шетелдік ғылыми жетекшінің оң пікірі берілді. Сонымен бірге атқарылған ғылыми жұмыстар бойынша қорытынды есеп дайындалып, тиісті түрде бекітілді.
Халықаралық ғылыми тағылымдамалар жас ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, ғылыми әлеуметін арттыруға және халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқарады. Мұндай академиялық тәжірибелер отандық ғылымның халықаралық деңгейде дамуына және бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлауға ықпал етеді.
Жеңіс АНТАЕВ,
«Экономика» мамандығының 2-курс докторанты
Басқа жаңалықтар