Жас буын ғылымды таңдайды — ҚазҰУ

91ý

Жас буын ғылымды таңдайды

21 шілде 2026
Жас буын ғылымды таңдайды

Бүгінде экологиялық мәселелерді шешу жо­лын­да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылым мен инновацияны ұштастырған жаңа буын зерт­теу­шілер қалыптасып келеді. Тұрақты даму бо­йынша ЮНЕСКО кафедра­сы­ның жас ғалым док­торанттары Арман Жұмажанов, Дана Ах­мет­жанова және Елнұр Арифзаде Жану проб­ле­малары институтында ғылыми зерттеу жұ­мыс­­тарын жүргізіп, экологиялық қауіпсіздік мә­селелеріне тың серпін берді. Олардың жұ­мысына кафедра доценті, PhD, жетекші ретінде мен заманауи экологиялық ғылымның негізгі ба­ғыт­тарын қамтып, жас зерттеушілердің ғы­лыми әлеуетін дамытуға шамам келгенше үлес қосудамын. Ғалымдардың зерттеулері су мен ауа­ның сапасын жақсартуға, топырақ ресурс­та­рын қалпына келтіруге және табиғи ресурс­тар­ды ұтымды пайдалануға бағытталған. Түрлі ғылыми тақырыптарды қамтығанымен, қор­ша­ған ортаға антропо­ген­дік әсерді азайту жөнін­де­гі ортақ мақсат олардың басын біріктіреді.

Елнұр Арифзаде өз зерттеулерінде йод изо­топ­тарының әсеріне ұшы­рай­тын су және ауа ор­­тасының экологиялық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарас­ты­рады. Ол қауіпті заттарды тиімді ұстап, бей­та­рап­тан­дыратын цеолит-кө­мір­текті композиттік сор­бенттерді қолдану ар­қылы өнеркәсіптік ластану мен радиациялық тәуе­кел­дерді азайтуға ба­ғыт­талған тың шешімдер ұсынуда.

Дана Нұрланқызы ги­дро­поникалық жүйе­лерде қолданылатын цеолиттер мен өсімдік негізіндегі наносор­бент­терге сүйе­не отырып, топырақ құ­нар­лылығын арттырудың жаңа жол­да­рын зерт­теу­де. Оның ғылыми із­де­ністері то­пы­рақ құ­­­­ры­­­лымын жақ­сар­тып қана қоймай, ауыл ша­руашылығында эколо­гия­лық тепе-теңдікті сақ­тауға мүмкіндік бе­реді.

Ал Арман Жұмажанов экологиялық таза шикізат негізінде су үнемдейтін наноцеллюлоза әзірлеу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану мәсе­ле­сіне назар аударып отыр. Оның зерттеулерінде тұйық су айналымын ен­гізу және органикалық еріт­кіштерді қолдану ар­қылы өндірістегі қал­дық­тарды азайту көзделген, бұл өз кезегінде эколо­гия­лық қауіпсіздікті арт­ты­руға ықпал етеді.

Жалпы алғанда, атал­ған жас ғалымдардың ғы­лыми жұмыстары қазіргі экологиялық ғылымның негізгі үрдістерін айқын көр­сетеді. Олардың зерт­теу нәтижелері тек тео­риялық маңызға ие болып қана қоймай, прак­ти­ка­лық тұрғыда да кеңінен қолдануға бағытталған. Бұл өз кезегінде Қазақ­станның ғылыми қауым­дас­тығының жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі рөлінің артып келе жатқанын аңғар­та­ды.

Ерлан ДОСЖАНОВ,

PhD, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті