Заманауи кітапхана моделін қалай дамытамыз? — ҚазҰУ

91ý

Заманауи кітапхана моделін қалай дамытамыз?

21 шілде 2026
Заманауи кітапхана моделін қалай дамытамыз?

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жар­лығы – елдің интел­лек­туал­­дық әлеуетін арт­тыру­ға бағытталған маңызды бастама.

Жарлықтың негізгі мәні – кітап оқуды насихаттау, «Кітап және кітапхана ісі туралы» заң қабылдау. Сондай-ақ ұлттық цифрлық бірыңғай жүйені қа­лыптастыру жөніндегі жар­лық­та айқындалған ұсыныстар кі­тапхана саласын жүйелі жаң­ғыр­туға бағытталған маңызды стратегиялық қадам екенін ай­ту орынды. Аталған бастамалар кітап­хана ісінің нормативтік-құқықтық негізін нығайтып қана қоймай, ақпараттық ресурс­тар­ды цифрландыру, бірыңғай ақпараттық кеңістік қалып­тас­тыру және кітапханалық қыз­мет­тердің қолжетімділігін арт­­­тыру арқылы сала дамуына жаңа серпін береді. 

Жарлықта белгіленген мін­деттер мен іс-шараларды жү­зеге асыру кітапханалық қауым­дастыққа зор жауап­кер­шілік жүктеп отыр. 

Президент жарлығы аясын­да мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып айқындалған міндеттердің бірі – оқырман­дар­ға арналған заманауи ин­фрақұрылымды дамыту, яғни цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа фор­мат­тағы кітапханалар, қоғамдық кеңіс­тіктер құру. 

Осы ретте, Әл-Фараби кі­тап­ханасы да Президент баста­ма­сын жүзеге асыруда өз үле­сін қосып, кітап оқу мәде­ние­тін насихаттау мен зиялы ұлт пен білімді ұрпақ қалып­тас­тыру жолында маңызды қызмет атқаруда.

1934 жылы Әл-Фараби атын­­­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­те­тінің ғылыми кітап­­ха­­на­сы­ның уни­верситетпен қатар іргесі қа­ланып, қазіргі кезде Қа­зақ­стандағы жетекші жоғары оқу орны кітапханаларының бірі екені көпшілікке аян. Универ­си­теттің ғылыми-білім беру қыз­метімен қатар дамып келе жат­қан кітапхана бүгінде за­манауи ақпараттық, мәдени және зияткерлік орталыққа айналды. 

2012 жылы кітапхана жалпы аумағы 17 846,1 м² заманауи бес қабатты жаңа ғимаратқа кө­ші­рілді. 2014 жылы кітап­ха­наға ұлы ойшыл әл-Фараби есімі берілді. Бұл кітапхананың ғылыми-ру­ха­ни маңызын ай­қын­дайтын ма­ңыз­ды қадам болды. 

Бүгінгі таңда Әл-Фараби кі­тапханасы университеттің құ­ры­лымдық бөлімшесі ретінде білім алушыларды, оқытушы-профессорлық құрам мен қыз­мет­керлерді оқу және зерттеу үдерістеріне қажетті ақпарат­тық-кітапханалық ресурс­тар­мен қамтамасыз етеді. 

Президент жарлығындағы жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сер­вистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып отыр. Аталған міндетке Әл-Фа­раби кітапханасы қоры толық сәй­кес келеді. 

Кітапхана 2 миллионнан ас­там әдебиет қорын қамти оты­рып, мұнда пайдала­ну­шы­ларға Springer, Scopus, ScienceDirect, Oxford, Wiley, JoVE сияқты ха­лық­аралық ғылыми деректер базаларына қолжетімділік ұсы­нылған. Соңғы жылдары кітап­хана қызметін цифрландыру және ақпараттық инфоқұры­лым­дарды жаңғырту мақса­тын­да кең көлемді жұмыстар жүр­гі­зілді. Мәселен, мобильді құ­рыл­­ғылар арқылы пайдала­ну­ға болатын электрондық оқырман билеті енгізілді. Бұл жүйе ар­қы­лы оқырмандар алынған кітап жайлы ақпарат алып, элек­трон­дық каталог пен университеттің «Универ» жүйе­сі­не тікелей кіре алады. 

Сонымен қатар кітапханада UniKeeper PRO автоматтан­ды­рылған сақтау және брондау жүйесі іске қосылған. Бұл жүйе кітаптарды тәулік бойы қай­та­руға, сондай-ақ онлайн брон­дау, жеке заттарды сақтауға және мобильді құрылғыларды қуаттауға, қазақ тіліндегі ау­дио­сүйемелдеуге мүмкіндік береді. 

Кітапхананың сайты да қа­зір­гі заман талаптарына сай же­тілдірілген. Сайтта «Нашар көретіндерге арналған нұсқа», «Инклюзивті білім беру» бөлім­де­рі ашылған және онлайн платформалар мен оқыту ви­део­материалдары қолжетімді. Интернет арқылы электрондық қызметтерді кез келген уақытта пайдалану мүмкіндігі оқырман­дар­ға қолайлы жағдай жасап, қыз­мет көрсету сапасын арт­тырып отыр.

Әл-Фараби кітапханасының инфрақұрылымы да қазіргі заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған. Кітапханада 700 орындық дәстүрлі оқу залы, 270 орындық электрондық кітапхана залы, сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры бар. Сонымен қатар кітапханада диссертация залы, Тұңғыш Президент залы, Әл-Фараби орталығы мен музейі, көрме холлы, бірнеше конференц-зал және кафе жұмыс істейді.

Ерекше атап айтатын бол­сақ, академик Ә.Дербісәлі атындағы XVIII-XXI ғасырларға жататын сирек және құнды кі­таптар мен қолжазбалар за­лын­дағы зерттеулер ғылыми тұрғыдан ерекше құндылыққа ие. Сондай-ақ кітапхана жа­нын­дағы Әл-Фараби орталығы ғұламаның ғылыми еңбектерін зерттеумен жүйелі түрде ай­на­лысады. 

Кітапхананың құрамында қорды толықтыру мен сервистік қолдау, ақпараттық қызмет­тер­мен қатар, кітапханалық тех­но­логиялар басқармалары, даму және коммуникациялар, циф­р­ландыру орталықтары қызмет атқарады.

Қазіргі таңда Әл-Фараби кі­тапханасы университеттің ма­ңызды ақпараттық-білім беру және мәдени орталығы ретінде сапалы білім мен ғылымды дамытуға өз үлесін қосып отыр. Кітапхана факультеттер, ка­фе­дралармен тығыз байланыс ор­натып, білім алушылар мен оқытушылардың сұраныстарын зерттеп, тұрақты түрде жаңа түскен әдебиеттер көрмесін ұйымдастырып отырады. Сон­дай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақ­тас­тық­ты дамыту бағытында жүйе­лі жұ­мыстар жүргізуде.

Президент бастамасын қол­дау мақсатында Әл-Фараби кі­тапханасында жарлықта қо­йыл­ған міндеттерді іске асы­руға арналған жұмыс жоспары мен жол картасы әзірленуде. Оның ішіне жасанды интеллект дәуірінде заманауи кітапхана моделін дамыту, электрондық ресурстарды кеңейту және ғылыми ақпаратқа қолжетім­ді­лікті арттыру бойынша шаралар кіреді. Сонымен қатар уни­вер­ситет кітапханасы оқырман­дар­­дың кітапқа қы­зығу­шылығын арттыру, оқу мәдениетін қа­лыптастыру, ұлттық және әлем әдебиетін насихаттау бағы­тын­дағы жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастырады.

2027 жылы кітапханамызда Кітапханашы және Ұлттық кітап күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция өткізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шара кітапхана ісін дамыту, кәсіби тәжірибе алма­су және оқу мәдениетін наси­хат­тау бағытындағы маңызды алаң болмақ.

Қорыта айтқанда, Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ кітапханасы – қалыптасқан дәстүрлі кітап­ха­на қызметін қазіргі заман­да­ғы цифрлық технологиялармен үйлестіре отырып, ғылым мен білім саласындағы жетекші ақ­параттық-білім беру және мә­де­ни орталықтардың бірі ре­тінде даму үстінде. Бүгінгі таңда кітапхана ғылыми-зер­т­теу қызметі мен оқу үдерісін сапалы ақпараттық ресурс­тар­мен қамтамасыз етумен қатар, кітап оқу мәдениетін наси­хат­тау, зиялы ұлт пен білімді ұрпақ тәрбиелеу және рухани құн­ды­лықтарды дәріптеу ісіне де елеулі үлес қосуда.

Президент жарлығы аясын­да кітапхана қызметін жаңғыр­ту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, электрондық ресурс­тар­ды кеңейту және оқырман сұранысына бейімделген за­ма­науи кітапхана моделін қалып­тас­тыру бағытындағы жұ­мыс­тар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осылайша Әл-Фараби кі­тап­ханасы ЖИ дәуірінде дәс­түр­лі кітапхана қызметін за­­­­манауи ци­фрлық технология­лар­мен ұш­тастыра отырып, білім мен ғылым кеңістігіндегі маңызды орталықтардың бірі ретінде дамуын жалғастыруда.

Жадыра АРЕКЕНОВА, 

Әл-Фараби кітапханасының директоры