- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасы студенттер арасында халықаралық шешендік өнер байқауының I кезеңін өткізді
Қытайтану кафедрасы студенттер арасында халықаралық шешендік өнер байқауының I кезеңін өткізді
2026 жылғы 3 сәуірде Шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен, Н.Б. Сапарбаеваның жетекшілігімен халықаралық шешендік өнер байқауының I кезеңі өтті. Іс-шараға қытайтану кафедрасының студенттері белсенді қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және шетел тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы олардың өзін-өзі көрсете алуына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету болды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, ойларын жүйелі жеткізе білу, сөйлеу мәдениетін сақтау, сондай-ақ вербалды және вербалды емес қарым-қатынас тәсілдерін тиімді қолдану қабілеттерін көрсетті.
Байқау барысында студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруге және тың идеялар ұсынуына ерекше назар аударылды. Бұл шара жастардың өз мүмкіндіктерін ашуына, сенімділігін арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты.
Қытайтану кафедрасының оқытушылары студенттерді дайындауға үлкен жауапкершілікпен қарап, олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне ықпал етті.
Нәтижесінде байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтті. Іс-шара студенттердің шешендік өнерге деген қызығушылығының артып келе жатқанын және шетел тілдерін меңгеруге деген ұмтылысының жоғары екенін көрсетті.
Басқа жаңалықтар