«ТДМ 13. Климаттың өзгеруімен күрес» — ҚазҰУ

91ý

«ТДМ 13. Климаттың өзгеруімен күрес»

9 сәуір 2026
«ТДМ 13. Климаттың өзгеруімен күрес»

2026 жылдың 9 сәуір күні филология факультетінің №17 жатақханасында «ТДМ 13. Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбы аясында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға «6В02303– Шетел филолгиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға климаттың өзгеруінің себептері мен салдарын таныстыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытында жауапкершілік көзқарас қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында ақпараттық таныстырылым өткізіліп, студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар климаттың өзгеруі, жаһандық жылыну және экологиялық мәселелерді талқылап, өз ойларын білдірді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары қарастырылды.

Іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Іс–шара шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Айтмұханбетова Айнур Серикбайқызының ұйымдастырумен өтті.