TIME QUEST (ONLINE) интерактивті командалық жарысыFarabi University

91ý

TIME QUEST (ONLINE) интерактивті командалық жарысы

9 сәуір 2026
TIME QUEST (ONLINE) интерактивті командалық жарысы

2026 жылғы 08 сәуірде «Қаржы және есеп» кафедрасы «Цифрлардың жасырын шындығы: есеп, аудит және қаржы саласындағы әлеуметтік әділеттілік, экономиканы цифрландыру, ESG-тұжырымдамалардың дамуы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің күшеюі және қаржы институттарының трансформациясы жағдайында» тақырыбында TIME QUEST (ONLINE) форматындағы жоғары оқу орындары арасындағы интерактивті командалық сайыс өткізді. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 10, 16 және 8) аясында жүзеге асырылды. Іс-шараны ұйымдастыру эдвайзер Г.Н. Аппакова, аға оқытушы Э. А. Актурева және «Қаржы-25» мен «Есеп және аудит-25» (колледжден кейінгі) академиялық топтарының қатысуымен жүзеге асырылды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең — онлайн форматта тікелей эфирде өткен аналитикалық баттл. Бұл кезеңде қатысушылар нақты уақыт режимінде кәсіпорындардағы әлеуметтік аударымдарды қалыптастыру және есепке алу механизмдеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең — шығармашылық тапсырманы қамтитын кейс шешу, ол үй тапсырмасы форматында орындалды. Үшінші кезең — қазақстандық ұйымдар мен шетелдік компаниялардың әлеуметтік саясатын салыстырмалы талдау, ол да қатысушылар тарапынан үй тапсырмасы форматында ұсынылды. Аталған жарыс заманауи білім беру ортасының талаптарын айқындады, онда қаржылық ақпарат ұйымдарда әлеуметтік маңызы бар шешімдер қабылдаудың құралы ретінде қарастырылады. Компанияның қаржылық саясатының ішкі бөліністік әсерлерін бағалау ерекше өзектілікке ие болуда. Байқау тапсырмаларында ұйымдардың есептілігін талдау барысында әртүрлі стейкхолдерлердің мүдделерін ескеру көзделді. Бұл өз кезегінде болашақ мамандардың жүйелі ойлауын және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Жарыстың практикалық бағыттылығы теориялық білімдердің нақты бизнес-кейстермен байланысын күшейтеді. Жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттестік академиялық көкжиегін кеңейтіп, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Интерактивті жарыс форматы қатысушылардың белсенділігін айтарлықтай арттырып, практикалық дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді.

Қатысушылардың жұмыстарын профессор Д.О. Оналтаев, қауымдастырылған профессор Ж.З. Оралбаева және қазылар алқасының төрағасы — Катшыбеков Рауан Бауржанұлы, "Primary Solution" ЖШС бағалау комппниясының даму бойынша директоры бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орын — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері: Сарсенбаева Р., Еркеғалиқызы З., Тұрсынбай А., Мөйетбек М. (жетекшісі: Жунусова Г.Ж.).

2 орын — Нархоз университетінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері: Магаматова Ш., Именжан З., Аманқұл А., Серікболова Т. (жетекшісі: Андыбаева Г.Т.), сондай-ақ Тұран университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері: Копбаева А., Базарбек Ж., Мырзабек Д., Давлеткулова Н. (жетекшісі: Пралиева С.Ж.).

3 орын — Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері: Нұрмұханбет Д., Уразова Р., сондай-ақ «Есеп және аудит» бағдарламасының студенттері: Ким А., Ахаева А. (жетекшісі: Каршалова А.Д.), және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері: Төкен Ж., Тұрсынғазы Д., Манапова А., Есенова Ж. (жетекшісі: Файзуллина С.А.).

Өткізілген сайыс студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері тарапынан оң бағаланды. Қатысушылар онлайн форматтағы тікелей эфир барысында іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына алғыс білдірді. Сонымен қатар, TIME QUEST қаржы, есеп және аудит салаларында білімді интеграциялауға және аналитикалық ойлауды дамытуға ықпал ететін тиімді білім беру платформасы ретінде бағаланды.