- Басты бет
- Жаңалықтар
- 6B05103 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХVIIІ Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі
6B05103 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХVIIІ Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі
6B05103 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХVIIІ Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
6B05103 – Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХVIII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі 2026 жылғы 27–28 сәуір күндері Алматы қаласында, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ базасында өткізіледі.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттер командалары шақырылады. Әрбір жоғары оқу орнынан 3 (үш) студенттен тұратын команда (жетекшісін қоспағанда) жіберіледі, бірақ әр тілдік бөлімнен бір ғана командадан артық жіберуге рұқсат етілмейді. 2022–2025 жылдар аралығындағы Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары қатысуға жіберілмейді.
Олимпиадаға қатысу үшін 2026 жылғы 15 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына Akhmetova.Gulnaz@kaznu.kz келесі сканерленген құжаттарды жіберу қажет:
• қатысуға өтініш;
• ректордың (немесе проректордың) қолы қойылған ресми хат;
• олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы бойынша комиссия хаттамасы;
• әрбір қатысушының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмелері.
Өтініштің электрондық нұсқасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол ақысы, тұру, тамақтану) жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Олимпиада екі турда өткізіледі:
I тур (27 сәуір, 10:20–12:00) – генетика, микробиология, биотехнология негіздері, биохимия және экологиялық биотехнология пәндері бойынша тестілеу және жағдайлық тапсырмаларды шешу.
II тур (27 сәуір, 14:00–16:00) – практикалық (зертханалық) кезең. Қатысушылар өздерімен бірге зертханалық халат алып келуі тиіс.
28 сәуір – олимпиада нәтижелерінің ресми жариялануы және салтанатты жабылу рәсімі.
Өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, оқу ғимараты (ГУК-6).
Байланыс ақпараты:
Тел.: +7 701 823 16 63
E-mail: Akhmetova.Gulnaz@kaznu.kz
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті