ылымдағы жаңа көкжиектер: ҚазҰУ магистранттарының халықаралық тәжірибесіFarabi University

91ý

ылымдағы жаңа көкжиектер: ҚазҰУ магистранттарының халықаралық тәжірибесі

10 сәуір 2026
ылымдағы жаңа көкжиектер: ҚазҰУ магистранттарының халықаралық тәжірибесі

Тұрақты даму мақсаттарының – «Сапалы білім беру» 4-мақсаты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «7M02312 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» және «7M02303 – Аударма ісі (батыс тілдері)» білім беру бағдарламаларының 2 курс магистранттары 2026 жылдың 23 ақпан мен 8 наурыз аралығында Ташкент қаласындағы Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың негізгі мақсаты – филологиялық зерттеулер саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту, магистрлік диссертация үшін ғылыми материал жинау, сондай-ақ қабылдаушы университеттің зерттеушілерімен ғылыми байланыстар орнату болды.

Тағылымдаманың алғашқы күнінде Ташкент қаласына келу және тіркелу рәсімдері жүргізілді. Ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында университет бойынша таныстыру экскурсиясы өткізіліп, магистранттар оқу орнының құрылымымен, филология факультетінің қызметімен және ғылыми кітапхананың мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, филология саласы бойынша мол ғылыми әдеби қоры бар Ұлттық кітапханаға барды.

26 ақпан мен 1 наурыз аралығында магистранттар консультациялық сабақтарға қатысып, кездесулер барысында ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері, көркем мәтінді талдау әдістері және филология ғылымының қазіргі даму бағыттары талқыланды. Магистранттар 2–4 наурыз аралығында университет кітапханасында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы кезеңде магистрлік диссертацияларын дайындауға қажетті ғылыми материалдар жинақталып, жүйеленді. Зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми мақалалар, монографиялар және өзге де дереккөздер зерделенді.

Тағылымдама барысында ғылыми жарияланымдар дайындау және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу үшін материалдар әзірлеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ғылыми зерттеулеріне қажетті ғылыми дереккөздердің тізімі жасалды. Тағылымдама барысында факультет профессоры Кулмаматов Дусмамат Саттаровичпен ғылыми консультация өткізіліп, онда атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, зерттеулерді одан әрі дамыту және ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша ұсынысдар берілді.

Тағылымдама қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп дайындалып, қорғалды. Осылайша, ғылыми ғылыми тағылымдамадан өту магистранттардың ғылыми көкжиегін кеңейтуге, көркем мәтінді талдау саласындағы білімдерін тереңдетуге, заманауи зерттеу тәсілдерін меңгеруге, сондай-ақ Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің оқытушылары мен зерттеушілерімен тұрақты ғылыми байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Магистранттар тағылымдаманы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ғылыми-әдістемелік қолдау көрсеткені және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай жасағаны үшін Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университетінің басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыс білдіреді.

Искакова Гүлназ, Азимбаева Индира

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары