«Білім берудегі теңсіздік: бұл неге маңызды» іс-шарасы және Тұрақты даму мақсаты № 10 «Теңсіздікті азайту».Farabi University

91ý

«Білім берудегі теңсіздік: бұл неге маңызды» іс-шарасы және Тұрақты даму мақсаты № 10 «Теңсіздікті азайту».

10 сәуір 2026
«Білім берудегі теңсіздік: бұл неге маңызды» іс-шарасы және Тұрақты даму мақсаты № 10 «Теңсіздікті азайту».

Іс-шараның мақсаты - әртүрлі елдердің мысалында сапалы білім алу мүмкіндігі қазіргі қоғамда адамның табыстылығын қалай айқындайтынын көрсету. Іс-шараға қазақ және орыс бөлімдерінің оқытушылары мен 1-курс студенттері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің орыс бөлімінде білім алып жатқан Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Ren Ruizi және Zhang Shiyun қатысты.

Тұрақты даму мақсаты № 10 «Теңсіздікті азайту» аясындағы талқылау барысында студенттер білім берудегі теңсіздікке салыстырмалы талдау жасап, бұл мәселенің неге бүгінгі күні ерекше назарды талап ететінін көрнекі түрде көрсетті. Ерекше қызығушылық тудырған бөліктердің бірі - студенттер өз құрдастарының теңсіздік мәселесіне қатысты пікірлерін ұсынған бейнесауалнама болды. Бұл жастар қауымдастығының тақырыпқа деген нақты көзқарасын көруге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар алған білімдерін жарыс форматындағы ойын арқылы бекітті. Жалпы алғанда, осындай тақырыптарды талқылау жаһандық мәселелерді тереңірек түсінуге көмектеседі.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

              

Шетел тілдері кафедрасы: аға оқытушылар Гумарова Ш.Б., Исабаева Б.К., Утебекова А.С., Режеп А.С., Саякова Б.М., Баймуратова Э.С., Мырзахмет М.Ж.