- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында студенттер мен жас ғалымдардың жетістіктері
«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында студенттер мен жас ғалымдардың жетістіктері
2026 жылдың 8–11 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдарға арналған дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл ғылыми алаң жас зерттеушілердің идеяларын таныстыруына, зерттеу нәтижелерімен бөлісуіне және кәсіби ортада тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Конференция аясында Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының «Актуарлық математика» және «Есептеу ғылымдары» мамандықтары бойынша бакалавр студенттері мен магистранттары өз ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, «Есептеу ғылымдары және статистика» мамандығының 1-курс магистранты Мұқанова Томирис пленарлық отырыста ғылыми жобасын жоғары деңгейде таныстырып, II орынға ие болды. Оның ғылыми еңбегі жоғары бағаланып, 75 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.
Сонымен қатар, жүлделі орын алған басқа да қатысушыларға университет тарапынан естелік сыйлықтар — блокноттар мен сөмкелер табысталды. Бұл марапаттар студенттердің ғылыми ізденіске деген ынтасын арттыруға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған.
Бұл жетістіктер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен де үндеседі:
- ЦУР 4 – Сапалы білім: жас зерттеушілердің ғылыми дамуын қолдау және білім беру сапасын арттыру;
- ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: ғылыми инновацияларды дамыту және заманауи зерттеулерді қолдау;
- ЦУР 17 – Серіктестік және ынтымақтастық: ғылыми қоғамдастықтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық байланыстарды нығайту.
Конференция барысында ұсынылған ғылыми жобалар есептеу ғылымдары, деректерді талдау, математикалық модельдеу және жасанды интеллект сияқты заманауи бағыттарды қамтыды. Жас ғалымдардың мұндай іс-шараларға қатысуы олардың кәсіби дамуына, ғылыми әлеуетінің артуына және еліміздегі ғылымның дамуына зор үлес қосады.



Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы
Басқа жаңалықтар