9 сәуір күні 1-курс студенттерімен бірге М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры сахналаған “Мәңгілік бала бейне” атты театр қойылымына бардық. Бұл мәдени іс-шара студенттердің рухани дүниесін байытып, тарихи санасын қалыптастыруға ерекше әсер етті.
Қойылым Семей ядролық полигонының зардабын тартқан адамдардың тағдырына арналған. Шығармада ядролық сынақтардың адам өміріне, денсаулығына, болашақ ұрпаққа тигізген ауыр зардаптары шынайы әрі әсерлі түрде бейнеленген. Әсіресе басты кейіпкер Ләйләнің тағдыры көрермен жүрегіне терең әсер қалдырды. Оның жан азабы, өмірге деген күресі, өз бала бейнесінің мәңгілік жараға айналуы – бәрі де көрерменді бейжай қалдырмайды.
Сахнадағы актерлердің ойыны өте жоғары деңгейде болды. Олар кейіпкерлердің ішкі күйзелісін, үміті мен қайғысын дәл жеткізе білді. Әрбір көрініс шынайылығымен ерекшеленіп, көрерменді ойландырып, толғандырды. Қойылымды студенттер ерекше ықыласпен тамашалап, терең эмоциялық әсер алды.
Қойылым аяқталғаннан соң білім алушылар өз әсерлерімен бөлісіп, шығарманың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Олар экологиялық мәселелер, адам өмірінің құндылығы және тарихи жауапкершілік туралы ой түйді.
Жалпы алғанда, театрға бару өте әсерлі әрі тағылымы мол тәжірибе болды. Осындай қойылымдар жастардың санасын оятып, ел тарихына деген құрметін арттырады.