- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қоғамға бағытталған тегін білім беру курстары басталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қоғамға бағытталған тегін білім беру курстары басталды
2026 жылғы 8 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында қоғамға бағытталған маңызды әлеуметтік-білім беру жобасы өз бастауын алды.
Жоба университеттің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бұлақты ауылы, Үшқоңыр 44 мекенжайында орналасқан «Ай-Күнім» балабақшасында студенттік қалашықтан тыс жұртшылыққа арналған тегін білім беру курстары өткізілуде.
Жобаның негізгі мақсаты – халықтың білімге қолжетімділігін арттыру, өмір бойы білім алу қағидатын ілгерілету және жергілікті тұрғындардың зияткерлік әлеуетін дамыту. Курстар бағдарламасына Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негізгі бағыттары енгізіліп, қатысушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ сыни ойлау мен заманауи дағдыларын дамытуға ерекше мән берілуде.
Жалпы оқу курсы 36 академиялық сағатқа жоспарланған. Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылып, теория мен тәжірибені ұштастыратын заманауи оқыту әдістері кеңінен қолданылуда. Тыңдаушылар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік алып, жеке даму жолында жаңа қадам жасайды.
Аталған курстарға балабақша тәрбиеленушілері белсенді қатысуда. Атап айтқанда, Таңжаркозов Раина, Оспан Әдемі, Серікқозы Еркеш, Жайлас Иман, Әбілхан Муслим, Русланұлы Мейірхан, Жантөбек Елдан, Дамирқозы Бейім, Асылбекқызы Алина, Мақсұт Алина, Алин Айгерім, Нурбек Арина, Баймұрат Динжан, Бозбалай Зере, Әбілқай Мадина, Жұрынбай Алия, Молдағали Нурасыл, Тұрғанов Даниял, Томирис, Елдана, Ансаган, Ерасыл және Назерке секілді балалар білім алып, өз қабілеттерін дамытуда.
Бұл жоба Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, аймақ тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді білім берудің жарқын үлгісіне айналмақ. Университет ұжымы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, білім мен ғылымды кеңінен насихаттауды көздейді.
Басқа жаңалықтар