2026 жылдың 11 сәуір күні "Фараби Әлемі" ғылыми форумы аясында студенттер мен жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өткен конференция қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының студенті Токано Сюндзи (Жапония) басқа да номинанттардың қатарында 100000 теңге ақшалай сыйлық және жеңімпаз дипломымен марапатталды. Студенттер мен жас ғалымдардың жұмысын жоғары бағалау оларды болашақ ғылыми зерттеулерге ықпал етітіні сөзсіз.