12 сәуір – ылым қызметкерлерінің күні
Ұлттық ғылым ордасында ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында ғылым жетістіктерін дәріптейтін арнайы көрме ұйымдастырылып, отандық ғалымдардың еңбектері мен инновациялық жобалары көпшілік назарына ұсынылды.
Салтанатты жиын барысында ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген үздік ғалымдарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қабырғасында өткен бұл мәртебелі жиында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Үсеинова Қарлығаш Рахымжанқызы жоғары марапатқа ие болды.
Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар кафедра ұжымының ғылыми әлеуетінің, табанды еңбегінің және білім мен ғылымға деген адалдығының айқын көрінісі.
Басқа жаңалықтар