АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАТЫС ПАРАДИГМАСЫFarabi University

91ý

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАТЫС ПАРАДИГМАСЫ

9 сәуір 2026
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БАТЫС ПАРАДИГМАСЫ

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының ассистент-профессоры ф.ғ.к. Қосанов Серікбай Қылышбайұлының жетекшілігімен 9 сәуір күні «Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс магистранты Қалиханова Гүлай Әділханқызы «Абай шығармашылығындағы Батыс парадигмасы» тақырыбында Ашық сабақ өткізді.

 ТДМ-4 «Сапалы білім» бағытының аясында өткізілген бұл ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Абай шығармашылығындағы Батыс классиктерінің ықпалын меңгерту. Абайдың Еуропа және орыс классиктерінен аударған өлеңдерін салыстыра талдау және пікір алмасу. Сабақ барысында Абайдың «Хикмет те, мал да, өнер де – бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» деген сүбелі сөзінің мәнін түсіндіру. Абай - сөз өнерін жаңа арнаға бұрып қана қоймай, сөз өнерін әлем әдебиетімен табыстырған, әлем мәдениетін бір арнада тоғыстырған тұғырлы тұлға. Ақын поэзиясында оның аударма туындыларының рухани-мәдени құндылығының маңызы өте зор. Студенттер Абай тәржімасындағы шетел әдебиетінің маржандарын оқып, талдай отырып, ақын шығармашылығында елеулі орын алатын «толық адам» концепциясына арнайы тоқталды.

 Студенттер берілген тақырыпты жан-жақты аша отырып, аударма мәтіндердің көркемдік әлеміне шолу жасады. Білім алушылар «Адамзаттың бәрін сүй» деген Абай сөзін сараптай келе, өзге елдердің әдеби мұрасын игеру адамзаттық сана биігіне апаратын жол екендігін пайымдады. Үш топқа бөлініп өтілген ашық сабақ соңында студенттер Абайдың Батыс классиктерімен шынай үндескен рухани берік байланыс орнатқаны туралы тұжырымға келді.

 Ұлы Абай Байрон, Гетё, Шиллер, Пушкин, Лермонтов, Крылов сынды Батыс және орыс әдебиеті классиктерінің біраз шығармаларынан көркем әрі сәтті аудармалар жасап, қазақ поэзиясына маңызды үлес қосты. Ақын аудармалары түркі Батыс пен Шығыс әдебиеті арасында алтын көпірге айналып, қазақ әдебиетіндегі кәсіби аударманың негізін қалады. Студенттер осы пікірді дәлелдеу үшін ақын шығармаларынан үзінді оқып, әдеби аударма және Абай мұрасы туралы өз ойларын ортаға салды.

  Ашық сабақ «интерактивті» форматта өтті және семинарда топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, миға шабуыл, шығармашылық талдау мен әдеби диспут сияқты оқу әдістері қолданылды.