«Қазақ хандығының құрылу тарихы және зерттеуші ғалым – Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев»Farabi University

91ý

«Қазақ хандығының құрылу тарихы және зерттеуші ғалым – Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев»

16 наурыз 2026
«Қазақ хандығының құрылу тарихы және зерттеуші ғалым – Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев»

2026 жылдың 16 наурыз күні сағат 12:00-де Тарих факультетінің Е.Бекмаханов атындағы аудиториясында «Қазақ хандығының құрылу тарихы және зерттеуші ғалым – Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев» атты ғылыми конференция өтті.

Аталған конференцияны ұйымдастырушы профессор, ғылыми жетекшісі болған - Ф.А. Қозыбақова  және қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақ хандығының құрылу тарихын таныстыру, студенттердің ғылыми ізденісін дамыту және белгілі тарихшылармен пікір алмасуға мүмкіндік жасау.

Конференцияға құрметті қонақтар ретінде белгілі ғалымдар шақырылды. Олардың қатарында тарих факультетінің деканы, профессор Д. Сүлейменұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Ф. А. Қозыбақова, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ хандығы тарихын зерттеуші Б. Бақытжанұлы, сондай-ақ профессор-ғалымдар: С. Смагулов, Е. Ноянұлы, Н. Айтбаева, Л.Хасанаева, Ж. Махмұтқызы, А. Иманалиқызы болды.

Конференция барысында студенттер Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты дайындалған баяндамаларын ұсынып, өз зерттеулерін қорғады. Олар хандықтың құрылу себептері, Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлі, XV ғасырдағы саяси жағдай және Қазақ хандығының қазақ халқының қалыптасуындағы маңызы туралы мәліметтерді талдап баяндады.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін құрметті қонақтар студенттердің жұмыстарына өз пікірлерін білдіріп, ғылыми тұрғыда бағасын берді. Әсіресе Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы зерттеулеріне сүйене отырып, студенттердің еңбектеріне құнды пікірлер айтып, жас зерттеушілерге пайдалы кеңестер ұсынды. Сонымен қатар басқа қонақтар да конференция жұмысына жоғары баға беріп, студенттердің белсенділігі мен ізденісін атап өтті.

ылыми бөлімнен кейін конференцияның мәдени бағдарламасы ұйымдастырылды. Студенттер қонақтарға арнап өнер көрсетті. Ұлдар әсерлі өлең жолдарын тарту етіп, ұлттық рухты көтерсе, домбырамен орындалған терме мен күйлер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Бұл конференция студенттердің ғылыми қабілетін дамытуға, ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға және ғалымдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берген маңызды мәдени-ғылыми шара болды.

Қорыта айтқанда, «Қазақ хандығының құрылу тарихы және зерттеуші ғалым – Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев» атты ғылыми конференция студенттердің білімін тереңдетіп, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды кездесу ретінде есте қалды.