Дәстүрлі жыл сайынғы Фараби әлемі конференциясы өттіFarabi University

91ý

Дәстүрлі жыл сайынғы Фараби әлемі конференциясы өтті

8 сәуір 2026
Дәстүрлі жыл сайынғы Фараби әлемі конференциясы өтті

2026 жылдың 7–8 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дстүрлі «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

🎓 Бұл ауқымды ғылыми шара жас зерттеушілерге өз идеяларын таныстырып, ғылыми жобаларын қорғауға тамаша мүмкіндік берді. Конференцияға жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушылары да белсенді қатысып, өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасап, жоғары деңгейдегі білімдері мен дайындықтарын көрсетті.
💡 Ұсынылған жобалар мазмұндылығымен және жаңашылдығымен ерекшеленіп, ғылыми ортада лайықты бағасын алды.

🏆 Конференция қорытындысы бойынша факультет тыңдаушылары I, II, III дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

✨ «Фараби әлемі» – ғылымға алғашқы қадам жасап жүрген жастардың әлеуетін ашатын, болашаққа нық бағыт беретін маңызды алаң!

👏 Жас зерттеушілерге алдағы уақытта зор табыстар тілейміз!