«Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті
2026 жылғы 7–8 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысып, өз ғылыми зерттеулерін ұсынды. Іс-шара жас зерттеушілер үшін тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.
ылыми баяндамалар әртүрлі бағыттағы секциялық отырыстарда қарастырылып, теориялық, тәжірибелік және қолданбалы зерттеулер ұсынылды. Инновациялық шешімдер мен жасанды интеллект бағытындағы жобалар ерекше қызығушылыққа ие болды.
Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндама деп танылып, ерекше ғылыми зерттеулер мен тиімді шешімдер ұсынған студенттер марапатталды:
– Столяров Даниил Игоревич – І дәрежелі диплом;
– Қабақбай Жансен Абайұлы – ІІ дәрежелі диплом;
– Druba Rahim Ahmed – ІІІ дәрежелі диплом.
«Фараби Әлемі» конференциясы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға және олардың кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды алаң ретінде өз маңызын тағы да дәлелдеді.
Басқа жаңалықтар