Секция: «Қазіргі кездегі қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері» — ҚазҰУ

91ý

Секция: «Қазіргі кездегі қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері»

13 сәуір 2026
Секция: «Қазіргі кездегі қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері»

    2026 жылғы 9 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Қазіргі кездегі қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері» атты секция  өтті.

     Аталған секция заманауи қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару жүйесі және криминология ғылымының негізгі бағыттарын талқылайтын маңызды ғылыми алаңға айналды. Қатысушылар пенитенциарлық қылмыстылықтың алдын алу, қажетті қорғаныс шегі, киберқылмыс, deepfake технологияларын құқықтық реттеу, адамды клондау мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллекттің қылмыстық құқықтағы рөлі сияқты өзекті тақырыптар бойынша ғылыми баяндамалар ұсынды.

         Секция жұмысына арналған байқау комиссиясының құрамы факультет деканының өкімімен бекітіліп, 4 адамнан тұрды:
Комиссия төрағасы — заң ғылымдарының кандидаты, профессор Г.М. Атаханова.
Комиссия мүшелері: заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.К. Бисенова; заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Е. Акболатова; PhD докторы, доцент А.Б. Избасова.
Хатшы — заң ғылымдарының магистрі, оқытушы Г.С. Әлімғазы.

      Конференцияға барлығы 30 ғылыми жұмыс ұсынылып, оның 28-і конференция бағдарламасына енгізілді. Баяндамалар қатысушылардың жоғары ғылыми деңгейін, тақырыптардың өзектілігін және заманауи құқықтық мәселелерді терең талдауға деген ұмтылысын көрсетті.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I дәрежелі диплом (1 орын) — Еренат Р. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 3 курс).

II дәрежелі диплом — Рахметулин А., Азаматқызы Ж., Ельмурат Е.А., Лұкман Д.Ж., Бақытбек Ә.

III дәрежелі диплом — Түзел Айша, Дулатбаев А.А., Нұрқанат Ұ.

    Секция жұмысы қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология салаларындағы ғылыми зерттеулердің өзектілігін айқындады. Жас зерттеушілердің баяндамалары құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге, цифрлық дәуірдегі жаңа қауіптерді құқықтық реттеуге және қылмыстық саясатты дамытуға бағытталды.

     «Фараби әлемі» конференциясы аясындағы бұл секция жас ғалымдардың жоғары ғылыми әлеуетін және олардың қылмыстық-құқықтық ғылымның дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.