Философия және саясаттану факультетінде «Фараби әлемі» конференциясы аясында үздік ғылыми жұмыстар анықталды — ҚазҰУ

91ý

Философия және саясаттану факультетінде «Фараби әлемі» конференциясы аясында үздік ғылыми жұмыстар анықталды

8 сәуір 2026
Философия және саясаттану факультетінде «Фараби әлемі» конференциясы аясында үздік ғылыми жұмыстар анықталды

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде 2026 жылғы 7–8 сәуір күндері студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Аталған конференция білім алушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға, олардың зерттеу нәтижелерін көпшілікке ұсынуға және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Іс-шара аясында философия, саясаттану, психология, педагогика, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, дінтану және мәдениеттану бағыттары бойынша өзекті мәселелер қамтылып, қатысушылардың ғылыми баяндамалары ұсынылды.

Конференция барысында 9 секцияда ұсынылған баяндамалар тыңдалып, жан-жақты сараптамадан өтті. Әрбір ғылыми жұмыс арнайы конкурстық комиссия тарапынан мұқият бағаланды. Бағалау кезінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, баяндау сапасы және презентация талаптарына сәйкестігі негізгі критерийлер ретінде қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылардың өз зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде қорғау қабілетіне ерекше назар аударылды.

Баяндамашылардың жұмыстары кеңінен талқыланып, жинақталған балл нәтижелері негізінде үздік ғылыми жұмыстар анықталды. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

І орын

Әсетова Жанета Әсетқызы (6В03107 – Психология мамандығының 4 курс студенті)
Тақырыбы: «Бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуіндегі мотивациялық бағыттылықтың ерекшеліктері»
ылыми жетекшісі: психол. ғ.к., ассистент-профессор Болтаева Алия Масақбаевна

/storage/document/206340420769e24b99bf54a109755956_%D3%98%D1%81%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%96%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0%20%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%20(1).pdf 

ІІ орын

Анарбай Айгерім Ерболатқызы (6В03102 – Мәдениеттану мамандығының 4 курс студенті)
Тақырыбы: «Дәстүрлі қазақ костюміндегі ою-өрнектердің заманауи мәдениеттегі трансформациясы»
ылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Каупенбаева Самал Мұхаметалиевна

/storage/document/219413040069e24a7443d88892337027_%D0%90%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B9%20%D0%90%20%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F.pdf 

ІІІ орын

Зайнолда Несібелі Болатқызы (7М02202 – Философия мамандығының 1 курс магистранты)
Тақырыбы: «Миметикалық қалау және жетістік идеологиясы: әлеуметтік салыстырудың философиялық талдауы»
ылыми жетекшісі: филос. ғ.д., қауымдастырылған профессор м.а. Аташ Берік Мұратұлы

/storage/document/320022191269e24c6abcd61474225585_%D0%97%D0%B0%D0%B9%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%20%D0%9D%D0%91%20%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F.pdf 

«Фараби әлемі» конференциясы дәстүрлі түрде студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіп, олардың кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды ғылыми алаң ретінде өз маңыздылығын сақтап келеді. Мұндай ғылыми іс-шаралар жас зерттеушілердің шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, ғылымға деген қызығушылығын нығайтуға және жаңа идеялардың қалыптасуына жол ашады.