ылыми мақала жазудың тиімді тәсілдері — ҚазҰУ

91ý

ылыми мақала жазудың тиімді тәсілдері

13 сәуір 2026
ылыми мақала жазудың тиімді тәсілдері

 

 

Бүгін «ылым қызметкерлерінің күніне» орай, V Фараби форумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Academic Writing in Research: ғылыми мақала жазудың тиімді әдістері мен стратегиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті. Аталған ғылыми іс-шара қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесінде академиялық жазылым мәдениетін жетілдіру, ғылыми зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде ұсыну сапасын арттыру және жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін күшейту мақсатында өткізілді.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – 4: Сапалы білім беру міндеттерін жүзеге асыру контекстінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, бұл мақсат инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Семинар мазмұны ғылыми-академиялық құзыреттілікті арттыру, зерттеу дағдыларын дамыту және жоғары білім беру сапасын жетілдіру арқылы осы мақсаттың практикалық жүзеге асуына үлес қосады.

Семинардың модераторы ретінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева сөз алып, іс-шараның ғылыми-әдіснамалық маңызына тоқталып, академиялық жазылымның қазіргі ғылыми кеңістіктегі рөлін және жас ғалымдарды қолдаудың стратегиялық мәнін атап өтті. Ол халықаралық ғылыми коммуникация талаптарына сай зерттеу нәтижелерін жариялау мәдениетін дамыту кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін ерекше атап өтті.

Семинар барысында спикер – Стамбул университетінің доценті, PhD Мұстафа Желил Алтунташ ғылыми мәтіннің құрылымдық-композициялық ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталып, кіріспе, әдіснама, нәтижелер мен талқылау бөлімдерінің логикалық байланысын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол дәйексөз келтіру мәдениетінің академиялық адалдықпен тікелей байланысты екенін көрсетіп, плагиаттың алдын алу және дереккөздерді дұрыс рәсімдеу бойынша халықаралық стандарттарға негізделген талаптарды түсіндірді.

Бұдан бөлек, импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарға мақала дайындау мен ұсыну процесінің ерекшеліктері, рецензиялау жүйесінің кезеңдері, редакциялық талаптарға сәйкестендіру стратегиялары кеңінен талқыланды. Спикер ғылыми мақаланың сапасы тек мазмұндық жаңалығымен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымдық тұтастығы, аргументациялық логикасы және академиялық тіл нормаларының сақталуымен айқындалатынын ерекше атап өтті.

Семинар барысында сондай-ақ зерттеу нәтижелерін жүйелі баяндау стратегиялары, деректерді интерпретациялау әдістері және ғылыми дискурс қалыптастырудың заманауи үрдістері жөнінде өзекті ақпараттар ұсынылды. Қатысушыларға халықаралық ғылыми коммуникация кеңістігінде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін практикалық ұсыныстар берілді.

Аталған семинар жас ғалымдардың академиялық әлеуетін арттыруға, ғылыми коммуникация мәдениетін қалыптастыруға және олардың жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануына маңызды ықпал етті. Іс-шара ғылыми ортадағы тәжірибе алмасу алаңы ретінде де ерекшеленіп, қатысушылар арасында пікір алмасу мен кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өздерінің ғылыми зерттеу тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ болашақтағы бірлескен ғылыми жобалар мен халықаралық академиялық ынтымақтастық бағыттарын айқындады. Мұндай форматтағы іс-шаралар ғылыми қауымдастықтың дамуына, зерттеу сапасының артуына және академиялық интеграцияның нығаюына оң әсерін тигізетіні атап өтілді.

 

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Н.Ж. Байтенова, ылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, профессор м.а. М.Р. Балтымова, 2 курс докторанты Ж.А. Байгараев